Мәзір

Қостанай облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

28.10.2021
Қостанай облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

Қостанай облысында мал мен құстың барлық түрлерінің саны өсті, мал шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың саны өсуде, деп хабарлайды World of NAN «Қазинформ» ХАА сілтеме жасап.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдің АӨК-дегі жұмыстардың жағдайдын аграршылармен талқылады.

«Мал шаруашылығымен 1430 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары айналысады, онда жалпы көлемнің 30% ет пен сүт өндіріледі. Өндірістік сектордағы ІҚМ үлесі 44% құрайды, соңғы 5 жылда 1,5 есе өсті, барлық санаттағы шаруашылықтарда ет өндірісі 82,4 мың тоннаға жетті, өсім өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға, сүт - 382,5 мың тоннаға, өсім 2,2% - ға жетті», - деп атап өтті А. Әбенов.

Қазір Қостанай облысында сүтті мал шаруашылығымен айналысатын 60 шаруашылық бар, оның ішінде 10 – ірі сүтті-тауарлы фермалар. Тек осы жылы ғана Ұзынкөл ауданының «Тойсай» ЖШС-де 400 басқа арналған екі сүтті-тауарлы фермасы және Федоров ауданының «Андреев» ЖК-де 100 басқа арналған екі сүтті-тауарлы фермасы құрылды. Жыл соңына дейін Қостанай және Сарыкөл аудандарында қосымша тағы екі сүтті-тауарлы фермасы құрылатын болады.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын дамытуда оң үрдіс сақталып отыр. Облыста 24 асыл тұқымды репродуктор бар, соңғы 5 жылда олар 22 мыңнан астам бас сатты, оның ішінде біздің облыста 10 мың бас және одан тыс жерлерде 12 мың бас. Облыста етті мал шаруашылығын дамыту үшін бір мезгілде 26 мың мал орнына арналған бірінші деңгейдегі мамандандырылған бордақылау алаңдарының желісі бар. Қосымша, Арқалық қаласында ағымдағы жылы 5 мың ІҚМ басына арналған бірінші деңгейдегі төртінші бордақылау алаңының және 2,5 мың басқа арналған асыл тұқымды репродуктордың құрылысы жүргізілуде», – деді А.Әбенов.

Айта кету керек, ет өңдеу көлемін арттыру, экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында Қостанайда жылына 20 мың тонна ет өңдейтін ет өңдеу кешені салынуда. Жобаның құны 7,2 млрд теңге. Мұнда 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.  Кешен жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Осылайша, әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде өңірдің көптеген шаруашылықтары қарқынды дамып келеді және жоғары өндірістік көрсеткіштерге ие.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии