Мәзір

Арал маңындағы мал өсірушілер қаракөл шаруашылығына қолдау қажет дейді

09.07.2020
Арал маңындағы мал өсірушілер қаракөл шаруашылығына қолдау қажет дейді

Қазақстанда қаракөл қойларының саны күрт азайды, мал өсірушілер бұл бағыт мемлекеттік қолдауды қажет етеді деп санайды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.

Өткен ғасырдың аяғында елдегі бағалы астрахан қойларының саны шамамен 6,5 миллионды құраған еді, алайда қазір ол республикада жойылып кету алдында тұр. Қаракөл қойлары елдің үш аймағында, соның ішінде Арал маңында ғана өсірілуде.

Жаңақорған ауданының асыл тұқымды шаруашылықтарында мал басы көбейіп келеді. Асыл тұқымды қой фермерлерге табыс әкелмейді, өйткені теріні және жүнді сату және өңдеу пункттері жоқ.

«Теріні, жүнді және тері бұйымдарын сатып алушылар жоқ. Облыста арнайы қабылдау пункттері жоқ. Бұрын бұйымдарды өткізетінбіз. Қазір мұндай арнайы орын болмағандықтан, біз бәрін  өртейміз немесе оны тастаймыз Егер бұйымдарды сату, өткізу мәселесін шешсек, мал басын көбейтер едік», - дейді мал өсіруші Бағлан Тұртанов.

 Жергілікті биліктің айтуынша, қайта өңдеу зауыттарын ашу үшін инвесторлар табу керек, бірақ әзірге бұл ауданда теріге байланысты нақты жобалар жоқ.

«Мәселені шешу үшін біз ірі өнеркәсіп қызметкерлерін  осы салаға қаржы салуға шақырдық. Ет, жүн және тері бұйымдарын өңдейтін шеберханалар мен жинау пункттерін ашу қажет. Әзірге өтініш білдірушілер жоқ», - деді  Жаңақорған ауданы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Жексенбаев.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии