Мәзір

БҚО: 5000 га дәнді дақыл тасқын судан зардап шекті

06.06.2024
БҚО: 5000 га дәнді дақыл тасқын судан зардап шекті

Аудан және қала әкімдіктерінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан 4955 гектар дәнді дақылдар, 5,1 гектар бау-бақша, 2,1 гектар жылыжай және құлпынай дақылы зардап шекті. Бұл туралы World of NAN порталы inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазір аудандарда комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда 24 өтініш келіп түсті. Әрбір зардап шеккен нысанға технологиялық карталар жасалып, ғылыми-зерттеу институтымен келісіледі. Содан кейін комиссиялар шығынды есептеп, қорытынды жасайды.

Мал шығыны толығымен өтеледі. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесіне тіркелген 1171 басқа (219 бас ірі қара, 680 қой-ешкі, 63 жылқы, 71 шошқа, 138 құс) 139 өтініш бойынша 151,6 млн. теңге өтелді.

Облыс бойынша барлығы 2457 бас мал шығыны расталса, оның 1171 басы жүйеде тіркелген. Ал жергілікті шаруа қожалықтары мен тұрғындар есепте жоқ 1286 бас малдың орнын толтыруға көмектесті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии