Мәзір
19 қаңтар 2022

ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ "ЖЕР ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ - ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ"

ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

DLG (Халықаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауымдастығы) Қазақстанның World of NAN аграрлық порталымен бірлесіп, 2022 жылғы 9 ақпанда сағат 15:00-17:00-де (Нұр – Сұлтан уақыты бойынша) "Егіншіліктегі су ресурстарын басқару - қазақстандық және шетелдік ауыл шаруашылығы өндірушілерінің үздік тәжірибелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Іс-шара AGRITECHNICA digital on tour аясында тікелей эфирде, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді www.dlg-connect.org.

Қалыптасқан жағдай аграрийлерді ауыр климаттық жағдайларда өсімдік шаруашылығымен сәтті айналысуға мүмкіндік беретін жаңа шешімдер іздеу туралы ойлануға мәжбүр етеді. Әлемнің басқа аймақтарынан келген ауылшаруашылық тауар өндірушілері осындай проблемаларға тап болады. Осыған байланысты DLG және World of NAN егін шаруашылығындағы ылғалмен қамтамасыз етудің үздік тәжірибелерін талқылау үшін Қазақстан, Канада, Австралия және Қырғызстаннан сарапшылар мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін жинайды.