Астықты қайта өңдеу технологиясын жетілдіру бүгінгі таңда тиімді бағыттардың бірі. Біздің елімізде бидайдан ұн, жарма, жем, крахмал, глютен сияқты өнімдер өндіріліп, шет елге экспортталады.
Мемлекет, АШМ тарапынан, астықты өңдеу бағытын қолдау мақсатында субсидия бөліп, шетелдік инвесторларды тартуда. Себебі өңделген өнім шикізатқа қарағанда екі есе қымбат, сонысымен ол экономикамызға да оң әсер етеді.
Бұл жайлы толығырақ ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің сарапшысы Айжан Жұмабекованың World of NAN порталына берген сұхбатынан біле аласыздар.