Ауылшаруашылық саласында жоғары өнім алу тұқымның сапасына тікелей байланысты. Бұл бағытта «Рапуль Қазақстан» компаниясының қызметі аса маңызды рөл атқаратынын айта кеткен жөн. Себебі компания сирек кездесетін сорттар мен тұқымның сапалы әрі төзімді түрлерін ұсынады. Осыған орай, компанияның Бас директоры Ардақ Сыпырықовпен егін өнімділігін ұлғайту әрі тұқым сапасын арттыру жайлы әңгімелескен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.