Мәзір

Ауғанстан ұн импортынан бас тартуы мүмкін

28.05.2024
Ауғанстан ұн импортынан бас тартуы мүмкін

Елдің өңдеушілері үкіметтен ұнға импорттық баж салығын көтеріп, отандық өңдеуді ынталандыруды сұрады. Бұл туралы World of NAN порталы tolonews.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2023 жылы Ауғанстанға екі миллион тонна ұн экспорттаған. Ауғанстан нарығы отандық ұн өндірушілер үшін басымдық болып табылады және бұл нарықтың жабылуы көптеген диірменнің күйреуіне әкеледі.

«Үкіметтен біздің өтінішіміз – ұнға импорттық баж салығын көбірек диірмендер құруды ынталандыратын деңгейге дейін көтеру және бізді өзін-өзі толық қамтамасыз ету», - деді солтүстік аймақтағы ұн тартушылар қауымдастығының басшысы Бисмилла Хамдард.

Ауғанстандық өңдеушілердің айтуынша, қазір елдегі 200 ұн зауытының тек оны ғана жұмыс істеп тұр. Егер тоқтап тұрған кәсіпорындар қайта іске қосылса, олар 5 миллион тонна ұн өндіруге мүмкіндік алады.

Ауғанстанның ұнға деген жылдық сұранысы 6 миллион тоннаға жетеді. Сонымен қатар, ел 2024 жылы бидай дақылдарын арттыруды жоспарлап отыр, Ауғанстан 5 миллион тонна бидай жинай алады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии