Мәзір

Ауыл шаруашылығы министрі орнынан кетті

04.09.2023
Ауыл шаруашылығы министрі орнынан кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қызметінен кетті. Оның орнына Айдарбек Сапаров министр болып тағайындалды. Сапаров осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған. Бұл туралы World of NAN порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. Ол бұрынырақта 2019-2022 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Осыған дейінгі министр Ербол Қарашөкеев құрғақшылық жайлап, фермерлер қиындыққа тап болған шақта министр болып келді. Оған ауыл шаруашылық саласында бірқатар реформалар жүргізіп, субсидиялау жүйесін ретке келтіру тапсырылды.

Дегенмен ол фермерлер тарапынан бірнеше мәрте сынға ұшырады. Субсидияға арналған Gosagro порталындағы ақауға байланысты мыңдаған фермер қаржыландырудан қағылды. Сонымен қатар, мал шаруашылығына субсидианың азайып кетуі де көптеген шаруаның көңілінен шықпады. Биыл жазда мыңдаған гектар егістікті жайпаған шегірткелер де оның жұмысындағы кемшін тұстарды аңғартты. Жалпы алғанда, фермер оны жиі сынға алды.

Айдарбек Сапаровтың мансап жолы:

08.1984 - 10.1984 - совхоз бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы.

09.1992 - 10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры.

10.1995 - 09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры.

09.2003 - 02.2005 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

02.2005 - 03.2006 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

03.2006 - 09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы.

03.2006 - 11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

11.2006 - 03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

03.2008 - 04.2010 – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

04.2010 - 09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

09.2011 - 03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

03.2019 - 11.2022 - Бірінші вице-министр, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии