21 қазанда Астанадағы Radisson қонақ үйінде іс-шара өтті, ол жерде НемАЦ өзінің Қазақстандағы 9 жылдық жобасын қорытылындады. Іс-шараға AMTK өкілдерінің мүшелері және Германия аграрлық орталығының өкілдері, сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық ғылым және технологиялар академиясының өкілдері және де басқа да қонақтар қатысты.
Жоба барысында неміс өкілдері біліктілікті арттыру курстарын өткізген болатын. НемАЦ 2011 жылдан бастап DEULA мектебінің бағдарламасына сүйене отырып, ауылшаруашылығы саласындағы менеджерлер мен мамандар үшін білім беру курстарының кең бағдарламасын ұсынып, Қазақстандағы ауылшаруашылық білімін жетілдірді.
Жобаның ағымдағы кезеңінде Германия аграрлық орталығы Германияның Азық-түлік және ауылшаруашылық министрлігінің екіжақты ынтымақтастық жобасынан өзін аграрлық сектордағы біліктілікті арттырудың қазақстандық жүйесіне тұрақты түрде енетін, тәуелсіз жұмыс істейтін ұйымға айналдыруды мақсат етіп қойды.
Қазақстан жағынан жобаның серіктесі - «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ (НАНОЦ). НАНОЦ заманауи әдістер мен технологияларды енгізу арқылы Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығының дамуын қолдайды.
НемАЦ жасаған жұмыстарды қорытындылай келе, НемАЦ- AMTK мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ тығыз ынтымақтастықта басшылығының ауысуы бекітілген қолдауға алу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение