Күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, алдын ала мәлімет бойынша Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында орташа өнім күтілуде. Бұл туралы World of NAN «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Алматы облысының Ұйғыр ауданында (23-25 ц/га), Жамбыл облысының Меркі (19,4-21,4 ц/га), Рысқұлов (20,8-22,8 ц/га), Шу (21,8-23,8 ц/га) аудандарында, Түркістан облысының Қазығұрт ауданында (22-24 ц/га) күздік дақылдардың шығымдылығы қалыптыдан жоғары болады деп күтілуде.
Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің қалыптасуы кезіндегі метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, күздік бидай шығымының түпкілікті болжамы маусым айының бірінші онкүндігінде жарияланады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение