Мәзір

Қарағанды облысында балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылады

29.12.2020
Қарағанды облысында балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылады

Қарағанды облысында 2021 жылдан бастап балық өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру басталады, – деп хабарлайды World of NAN облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балық өнеркәсібін дамыту мәселесі облыс әкімі Ж.Қасымбек өткізген аппараттық жиында көтерілген.

«Өңірде 127 жергілікті маңызы бар және үш республикалық су қоймасы бар. Жергілікті маңызы бар 67 су нысаны 49 табиғи ресурстарды пайдаланушыға бекітілген, қалған 60-ы резервтік қорға енгізілген. Біздің облыста 32 балық түрі өсірілсе, оның 11-інің тауарлық құны жоғары», – деп атап өтті жиында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Тазабеков.

Ол биыл 19,6 миллион сазан дернәсілі өзен-көлдерге жіберілгенін мәлімдеді. Жергілікті кәсіпорын - Қарағанды балық өсіру шаруашылығы шабақтарды жеткізумен айналысады. Өңірдегі ең ірі өңдеу кәсіпорындарының бірі – Балқашбалық компаниясы. Оның өнімі жақын және алыс шетелдерге экспортталады.

Жаңа бағдарламаны іске асыру аясында 2021 жылы облыстық бюджеттен резервтік су қоймаларын шоғырландыруға және сертификаттауға қаражат қарастырылатыны да айтылды.

Облыс басышылығы тауарлық балықтарды қолдан өсіруді 2030 жылға қарай 15 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін облыста балық өсіретін шаруашылықтардың санын көбейту де жоспарланған.

Отырыста ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы С.Апақашов балық өндірісіне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шаралары туралы да айтты.

2020 жылы Қарағанды балық өсіру шаруашылығы жемнің құнын төмендету үшін 30,4 миллион теңге субсидия алған. Келесі жылы субсидия көлемі тағы да ұлғаймақ. Әсіресе бекіре және ақсерке сияқты балықтардың өндірісіне қолдау көрсетіледі.

Балық өсіруді мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары – жабдықтар сатып алу, фермаларды кеңейту және жаңаларын салу да жоспарлануда, деді С.Апақашов.

«Жиын барысында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек балық шаруашылығын дамыту бойынша тағы да тапсырмалар беріп, бұл бағытта өзге салалардың оң тәжірибесін қолдану қажет деп атап өтті», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии