Мәзір

Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды

10.07.2021
Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды

Ел Президентінің Жарлығы бойынша Омаров Сапархан Кесікбайұлы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды World of NAN Ақордаға сілтеме жасап.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрдің жұмысын сынға алған болатын.

«Биыл біз жем-шөппен қамтамасыз етудің маңыздылығын айқын сезіндік. Ауа-райының қолайсыздығына және болжау жұмыстарының тиімсіздігіне байланысты мәселе ушығып кетті. Әсіресе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы жағдай ауыр», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тек Маңғыстауда ғана мал шығыны үш мыңға жеткенін айтты. Ал шөптің бір тоннасының құны 23 мың теңгені құрады, кейбір өңірлерде баға тіпті 42 мыңға дейін өскен.

«Әкімдер мен ауыл шаруашылығы министрі тарапынан дұрыс шешімдер қабылданған жоқ. Жүйелі және нақты жұмыс жүргізілген жоқ. Осы себепті біздің фермерлер қиын жағдайға тап болды. Нақты іс-қимылдар мен кері байланыс жоқ», – деді Мемлекет басшысы Үкімет отырысы барысында. Президент уәкілетті органның әрекетсіздігінен фермерлер оған тікелей көмек сұрап жүгінгенін атап өтті.

«Осындай күрделі кезеңде салаға жауапты министрлік жедел әрі батыл шешімдер қабылдауы тиіс еді. Сондықтан ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың жауапты тұлға ретінде отставкаға кетуі дұрыс болады деп есептеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыс барысында.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии