Мәзір

Қазақстан мен Беларусь арасындағы серіктестік

25.10.2019
Қазақстан мен Беларусь арасындағы серіктестік

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Анатолий Хотькомен кездесу өткізді.

Беларусь Республикасы Қазақстан үшін маңызды серіктес болып табылады. Әсіресе экономика мен ауыл шаруашылығы секторында екі ел арасында тығыз байланыс орнаған. Қазақстаннан Беларусь еліне өсімдік шаруашылығы және оны қайта өңдеу өнімдері: астық, таңқурай, көкөністерді жеткізуге үлкен мүмкіндіктер жасалған.

Кездесу барысында екі ел арасындағы тауар айналымы, бірлескен жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығы саласының ағымдағы жағдайы және екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдары талқыланды. Тараптар мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу мәселесіне,  оның ішінде әсіресе Қазақстанның сүт секторын дамыту бағытында  бірлесе жұмыс атқару сұрақтарына тоқталды. Бұл ретте, Қазақстан Белорусь мемлекетінің асыл тұқымдық және селекциялық жұмыстарды жүргізудегі, сондай-ақ жемшөп өндіру, шикізатты техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келтіру, ветеринария саласындағы жүйелі жұмыс, аграрлық саладағы білім сапасын жоғарылату мен ақпараттандыру саласындағы жүргізіп жатқан жұмыстар тәжірибесін қолдануға мүдделі екенін жеткізді. Жиында аква-мәдениетті дамыту мәселесі де сөз болды.

Сондай-ақ "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" КеАҚ оқу-тәжірибелік шаруашылығы жанынан 400-700 сиырға арналған сүт өңдеу цехы бар модельді сүт-тауар фермасын құру мәселесі қаралды.

Тараптар Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды өндіру және өнімдерін үшінші жақ елдеріне жеткізу мақсатындағы Беларусь және Қазақстан мемлекеттерінің  бірлескен кәсіпорнын құру мәселесін қарастырды.

Айта кету керек, кеше арнайы жұмыс тобының отырысы барысында "БелВитунифарм" ААҚ (Беларусь Республикасы) мен "WEIDER PHARM" ЖШС (Қазақстан Республикасы) арасында биологиялық ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша екі елдің бірлескен кәсіпорнын құру бойынша ынтымақтастық пен бірлескен қызмет туралы Меморандумға қол қойылды.

С.Омаров кездесу барысында Қазақстан жемге арналған астық пен қатты бидайды жеткізу туралы ұсынысты қарастыруға дайын екендігін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы бірлескен жұмыс тобының алғашқы жиынының хаттамасына қол қойды.

Ақпарат көзі: https://moa.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии