Мәзір

Қазгидромет Қазақстан фермерлеріне арналған мамандандырылған https://agrodata.kz интернет-қосымшасын іске қосты

02.10.2020
Қазгидромет Қазақстан фермерлеріне арналған мамандандырылған https://agrodata.kz интернет-қосымшасын іске қосты

Қазгидромет Қазақстан фермерлеріне арналған мамандандырылған https://agrodata.kz интернет-қосымшасын іске қосты.

Интернет-қосымша министр М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша әзірленді, шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған. AgroData кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Орталық Азияда мұндай сервистің баламасы әлі болған жоқ.

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап фермерлер нақты ақпаратты және болжамдарды он-лайн режимде көре алады. Қосымшада ауа райы болжамдары, ұсынылған себу күндері, топырақтағы ылғал қоры және өсімдік шаруашылығында шешім қабылдауға арналған басқа да маңызды ақпарат бар. Барлық ақпарат қарапайым және қолжетімді түрде https://agrodata.kz.сілтемесі бойынша ұсынылған.  

Жақын арада қосымша пункттер бойынша 3 сағаттық ауа райы болжамдарымен толықтырылатын болады, біз оны жетілдіру бойынша пайдаланушылардың ұсыныстарына қуанышты боламыз. «AgroData –фермер үшін қолжетімді!»

Ақпарат көзі: www.kazhydromet.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии