Биыл елордада 50 облыстық және қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп, 8420 тонна өнім сатылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
20 қазан бойынша, Нұр Сұлтанда 50 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, 8420 тонна өнім сатылды. Бұл өнімнің жалпы құны 4,5 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері мекен-жайларда өтуде: Сауран, 7, Сығанақ пен Ч.Айтматов көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Қазақстан спорт кешенінің жанындағы алаңда.
Жәрмеңкеде республиканың және облыстардың тауар өндірушілері мен жеке кәсіпкерлерінің ауылшаруашылық өнімдері ұсынылған.
Жәрмеңкенің мақсаты - тұрғындарға қол жетімді азық-түлікті жеткізу, жақын маңдағы супермаркеттерге, азық-түлік дүкендеріне бәсекелестік құру, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау.
Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы нарықтық бағадан 10-15% төмен.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение