Мәзір

Тоқаев: «Астық ОПЕК-ін» құру туралы идеяны талқылау қажет-деді

03.06.2020
Тоқаев: «Астық ОПЕК-ін» құру туралы идеяны талқылау қажет-деді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында бағаны ұстап тұру үшін «Астық ОПЕК-ін» құру идеясына өз пікірін білдіріп, бұл бастаманы талқылау қажет екендігін айтты.

«Ресей мен Қазақстан бидай экспорттауда әлемдегі он елдің қатарына кіреді. Бидайдың әлемдік экспортындағы біздің елдің үлесі 3% -ды құрайды. Өздеріңізге мәлім болғандай,  ОПЕК мұнайдың бағасын қол жетімді болу үшін және мұнай өндіру көлемін ұстап тұру мақсатында құрылған. «Астық ОПЕК-ін» құру астық нарығын тұрақты болуын қамтамасыз етуге және астықтың бағасын ұстап тұруға  бағытталатын жақсы бастама болуы мүмкін», - деді Қазақстан Президенті.

Алайда, Мемлекет басшысы астық нарығына ауа-райының қолайсыздығы мен өнімділігі әсер ететін өзіндік ерекшелігі бар екенін ескертті. Сонымен қатар, кейбір елдер соның ішінде Қазақстан да теңізге тікелей шыға алмайды, соған байланысты астыққа салынатын шекті бағалардың енгізілуінен зардап шегуі мүмкін екендігін атап өтті.

«Мұндай картельді құру кезінде шағын өнім шығаратын елдердің де мүдделерін ескеру керек, сонымен бірге «Астық ОПЕК-ін» құру ДСҰ стандарттарына қаншалықты сәйкес келетінін ойластыру қажет. Бұл ұсыныстарды мамандар жан-жақты талқылауы тиіс», - деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.

Былтырғы жылы Ресейдің вице-премьері Алексей Гордеев астық нарығын тұрақты ету, баға саясатын енгізу және әлемде аштық мәселесін шешу мақсатында астық экспорттаушылардың «Астық ОПЕК-і» тәрізді ұйымын құру туралы ұсыныс айтқан еді. Мұндай «Астық ОПЕК-і»  құрылатын болса, оның құрамына Ресей, АҚШ, Канада, Аргентина, ЕО елдері және басқа да елдер кіруі мүмкін.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии