Мәзір

Тоқаев: ЕАЭО елдері 600 млн адамды азықтандыра алады

26.12.2023
Тоқаев: ЕАЭО елдері 600 млн адамды азықтандыра алады

Қазақстан президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып, ауыл шаруашылығын бірлесіп дамыту мәселесін көтерді. Бұл туралы World of NAN порталы Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде «Еуразиялық бестік» елдері өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне қол жеткізе алды.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің әлемдік нарықтағы ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының үлесі әлі де өте төмен, яғни екі пайыздан сәл ғана асады. Ал дүниежүзінде 800 миллионнан астам адам аштық пен азық-түлік тапшылығының зардабын тартып отыр. Өкінішке қарай, азық-түлік жеткізуге қазіргі геосаяси ахуал, әсіресе, бірінші кезекте санкциялар кедергі келтіруде», - деді Тоқаев.

Нәтижесінде, азық-түлікке мұқтаж халық жапа шегіп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, ЕАЭО елдерінің әлеуеті 600 милионға жуық адамға тамақ тауып беруге жетеді.

«Сондықтан бәсекеге қабілетті, экологиялық таза және экспортқа бағдарланған, озық халықаралық стандарттарға сай өнім шығару мақсатында тығыз кооперациялық байланыстарды жолға қою басым бағыттарымыздың біріне айналуы керек», - деді президент.

Ол агрологистика мен сақтау жүйелерін бірлесіп дамытып, аграрлық секторға цифрлық шешімдерді енгізуді ұсынды. Одақтас елдердің агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияларды коммерцияландыру және өнеркәсіптік енгізумен айналысатын бірлескен агроинновация орталықтарын құру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии