Мәзір

Малды Қытайға тірілей сатқан тиімдірек

19.12.2023
Малды Қытайға тірілей сатқан тиімдірек

Қазақстан ет одағының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев неліктен Қытайға малды тірі күйінде сату әлдеқайда тиімді екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды World of NAN.

Мемлекет басшысының Бейжіңге сапарынан кейін уағдаластыққа қол жеткізіліп, оның аясында Қытай тарапы Қазақстанның ветеринария саласына аудит жүргізеді. Олар саланың жай-күйіне қанағаттанар болса, Қазақстаннан ет пен тірі мал сатып алуды қайта қолға алмақ.

«Қытайдағы баға қазір төмен болғанымен, болашақта бұл бізге өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстанда салмағы 500 келілік бұқаның етінен орта есеппен 500 мың теңге алуға болады. Қытайда дәл осы бұқаны сойсаңыз, 250 кг ет пен 150 кг азықтық субөнімдер шығады. Оның үстіне ол жақта бағасы 2000 емес, 3000 теңге тұрады. Бұл өнімдерге сұраныс жоғары, себебі ол жақтың асханасы басқаша. Яғни субөнімдердің бағасы кәдімгі етке қарағанда жоғары. Тиісінше, біз мұндағыдай 500 мың теңге емес, миллион теңге аламыз», — деп түсіндірді Мақсұт Бақтыбаев.

Оның үстіне, ел ішінде өңдеуді дамытуға екпін қоюдың қажеті жоқ, өйткені мұнда бұл өнімдердің сұранысы аса жоғары емес. Ал Қытай тарабы субөнімдерді импорттаумен айналыспайды.

Мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер Қытайға тірі мал жеткізу арқылы табыс тапса, бұл қаржы Қазақстан экономикасына түседі. Жалпы алғанда, бұл елдегі мал шаруашылығын дамытудың жақсы үрдісі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии