Мәзір

ҚР АШМ субсидиялаудың жаңа ережесін енгізеді

14.02.2020
ҚР АШМ субсидиялаудың жаңа ережесін енгізеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ведомствоның құрылымдық бөлімшелері және облыстық әкімдік өкілдерінің қатысуымен агроөнеркәсіп кешенінде субсидиялау ережесіне енгізілетін өзгертулер жобасы талқыланды. Селекторлық жиынды ҚР АШМ Бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров өткізді.

Жиын барысында Айдарбек Сапаров субсидиялау ережесіне енгізілетін өзгерістер саланы жаңғырту үшін Үкімет мақұлдаған «2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың» мемлекеттік бағдарламасына енген өзгерістер мен толықтырулар негізінде жасалатынын атап өтті.  

«Елбасы мен Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде алдыға қойған бес міндетті жүзеге асыру мақсатында субсидиялау ережесіне өзгерістер енгізіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінен саладағы еңбек өнімділігін жоғарлату, импортқа тәуелділікті төмендету, қайта өңделген өнімнің үлесін көтеру, оның экспорты мен тартылған инвестиция көлемін арттыру талап етіледі», - деді А. Сапаров.

Ережеге енгізілетін өзгерістерді талқылау қорытындысы бойынша ҚР АШМ Бірінші вице-министрі жергілікті атқарушы органдар мен ауыл кәсіпкерлерінен министрлікке өз ескертулері мен ұсыныстарын жіберуді сұрады.

Өңірлерден келіп түскен ұсыныстар қаралып, толықтырылғаннан кейін жаңа ереже жобасы «Атамекен» ҰКП алаңында фермерлердің барлық салалық бірлестіктерінің қатысуымен қайта талқыланатын болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии