Мәзір

Нұр-Сұлтан қаласында Х ауылшаруашылық және азық-түлік өнеркәсібінің көрмелері бастау алды

23.10.2019
Нұр-Сұлтан қаласында Х ауылшаруашылық және азық-түлік өнеркәсібінің көрмелері бастау алды

23 қазан күні  Нұр-Сұлтан қаласындағы “Көрме” орталығында “KazAgro-2019” және “KazFarm-2019” жылдық халықаралық ауылшаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібінің көрмелері бастау алды. 

Іс-шараның мақсаттары ауыл шаруашылығын саласындағы жетістіктерді көрсету, агроөнеркәсіп кешеніне енгізілген инновациялық әзірлемелер мен технологияларды ілгерілету, желілік жіне іскери келіссөздер үшін тиімді коммуникациялық кеңістік құру және отандық және шетелдік компаниялар арасында меморандумдарға қол қою.

Көрменің ашылу салтанатының лентасын Қазақстанның қаржы вице-минстрі Руслан Еңсебаев, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Қайрат Лама Шариф қиды.

14 мың шары метрді құрайтын көрмеде шамамен 300-ден астам компания бас қосқан. Көрмеге Австрия, Беларусь, Қытай, Венгрия, Германия, Дания, Индия, Иран, Испания, Италия, Канада, Қазақстан, Латвия, Литва, Нидерланды, Ресей, Словакия, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Швейцария, Швеция және Эстония елдері қатысып жатыр. Он жыл ішінде аталған көрмелер өздерін еліміздегі ең ірі халықаралық, агроөнеркәсіптік форум ретінде көрсетіп үлгергенін айта кеткен жөн. 

“Бұл көрме – түрлі ақпараттың қайнар көзі және ұзақ мерзімді іскерлік қатынастар табуға, барлық қатысушыларға өздері туралы айтуға, елдердің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға мүмкіндік береді”, – деді ExpoGroup көрме компаниясының басшысы Шолпан Қожабаева.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии