Мәзір

«AgriTek / FarmTek Astana-2021» жұмысын бастады

23.06.2021
«AgriTek / FarmTek Astana-2021» жұмысын бастады

Бүгін Елордада «AgriTek/FarmTek» халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі ашылды, деп хабарлайды World of NAN.

TNT EXPO ұйымдастырған 16-шы көрменің тақырыбы – «Ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары», «Бау-бақша жабдықтары» және «Мал шаруашылығы».

Өкінішке орай, пандемия көрменің жұмысына едәуір өзгерістер енгізген екен. Оның ауқымы да, қатысуышлар саны да бұрыңғыға қарағанда әлдеқайда кеміген.  Биылғы шараға қатысу үшін Германия, Чехия, АҚШ, Түркия, Украина, Ресей, Қытай және Қазақстаннан 100 компанияның өкілдері келген болып шықты.

«Шектеулер экспоненттердің сандық құрамына айтарлықтай әсер етті. Біріншіден, жазғы уақыт қатысушы компаниялар үшін аса ыңғайлы уақыт емес. Оларға егіс жұмыстары басталғанға дейін немесе егін жинаудан кейін қатысу ыңғайлырақ. Сонымен қатар, шекарадағы визаға қатысты проблемаларға байланысты да көптеген шетелдік компаниялар көрмеге келе алмады. Өкінішке орай, көрме көлемі жағынан екі есе азайды», – дейді көрме директоры Геннадий Дякин.

Карантиндік шектеулерге байланысты фермерлер жаңа білім мен тәжірибе іздеп келетін семинарлар мен дөңгелек үстелдер де алғаш рет ұйымдастырылмады. Алайда, бұл іс-шараның маңызына еш әсер еткен жоқ деуге әбден болады.

Қатысушы компанияларға келсек, олар отандық ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер назарына түрлі жабдықтар мен қызметтерді, мал өсіру технологияларын, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал азықтарын және т.б. ұсынды.

Бұл көрменің ерекшелігі сол, келуші фермерлер таныстырылған инновациялық технологиялар бойынша жұмыс істейтін сарапшылармен сол жерде жеке сөйлесіп, кеңес ала алды.

 «ГронАгро» шаруа қожалығының өкілі Дидар Бейсенбаев көрмеге Павлодар облысының Ақсу қаласынан арнайы келген екен.

«Өз шаруашылығымызда көкөніс және мал өсірумен айналысамыз. Симментал тұқымды 1000 бас малымыз бар. Біз техниканы жетілдіруге ниеттіміз. Дәлірек айтсам, қолда бар жабдықтардың қосалқы бөлшектері, жаңа суару жүйелері, жалпы техниканы жаңарту мәселесі қызықтырады. Техниканың барлық желісі бізде шетелдік, жаңбырлатыр суаратын машиналар – Бауэр, суару жүйелері – Гриммэ. Көрмеде шетелдік компаниялардың саны көп болатынын ескерсек, біраз жаңалық болады деп үміттенемін», – дейді фермер.

Көптеген қатысушы компаниялар үшін бұл дәстүрлі көрме. Оларды нарықта жақсы біледі, тауарлары танымал. Ал алғаш рет келгендерге қызығушылық тіпті ерекше болды. Мәселен, ауылшаруашылық ұшақтарын өндірумен айналысатын американдық компания тарапына қатысушылардан сұрақтар өте көп болды.

Компания өкілі Қазақстан нарығы өндіруші үшін жаңа болғанына қарамастан, жергілікті фермерлер ұшақтарға үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты.

«Біз өз миссиямызды сатушылар, өндірушілер мен тұтынушыларды бір алаңда тоғыстыру деп білеміз. Бүгінде техника, тұқым, тыңайтқыш, ветеринарлық препараттар ұсынатындар болсын, ауыл шаруашылығына арналған өнімдерді шығаратындар болсын, барлығы фермерлермен кездесуге мүмкіндік алды. Көрмеге көптеген экспоненттер жыл сайын келеді. Мұнда клиенттермен диалог орнату едәуір жеңіл екені анық. Шектеулерге қарамастан, көрме сұранысқа ие. Демек, бұл фермерлер үшін де, өз тұтынушысын табатын компаниялар үшін де тиімді, әрі пайдасы зор», – дейді Геннадий Дякин көрменің барысы жайлы өз сөзінде.

Көрме 25 маусымға дейін жалғасады. World of NAN іс-шара барысы жайлы барлық ақпараттық алаңдарда хабар таратып отырады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии