Соңғы жылдары бизнес тек қалаларда ғана өркендеп келе жатқан жоқ, мемлекеттік қолдаудың арқасында «Еңбек»нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға серпін берді. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі операторы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры туралы көпшілік естіген шығар. Бірақ қор жұмысының нақты бағыттары туралы барлығы біле бермейді. Әсіресе, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығында өз ісін бастағысы келетіндер. Бүгін World of NAN қордың миссиясы туралы және қазақстандықтардың агробизнесті жүргізуде қандай нақты көмек алуға үлгергені туралы айтып береді.
Аздап қор туралы
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 1994 жылы мемлекеттік қор ретінде құрылып, кейін акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Халықты жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауыл кәсіпкерлеріне тікелей несиелендіруді қор 2005 жылдан бастап жүзеге асыра бастады. 2021 жылғы 16 наурыздан бастап ол «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді. Қазіргі уақытта қор «Бәйтерек» Холдингі құрылымындағы микро және шағын бизнес жобаларын тікелей қаржыландыруды жүзеге асыратын жалғыз компания болып табылады. Ұйым АӨК-нің басым бағыттарын дамыту және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті қаржыландырумен айналысады. Қаржылық қолдауға шаруа және фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері, заңды және жеке тұлғалар ие бола алады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қордың несие қоржыны 185,9 млрд.теңгені құрады. Бүгінгі таңда белсенді қарыз алушылардың саны 49 948 клиентті құрайды.
«Еңбек» бағдарламасы
Қор «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несие беру бойынша негізгі оператор болып табылады. Ұйым ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, шағын бизнеске шағын несие береді. Егер бұрын бағдарламаға ауылдық жердің тұрғындары ғана қатыса алған болса, 2019 жылдан бастап қор қалалық кәсіпкерлерге де несие береді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша қаржыландыру мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға, ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау жөніндегі жобаларды іске асыруға жүзеге асырылады.
Ауылдық және қалалық кәсіпкерлер жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесімен 6,5 жылға дейінгі мерзімге 4, 6, 12 млн теңгеге дейінгі сомаға шағын несиелер ала алады. Бұл ретте тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,7%-дан аспайды. Жеңілдікті шағын несиелер жұмыссыздарға шағын бизнесін бастауға көмектеседі. Қор мамандарының мәліметінше, 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында. 42 897,1 млн теңге бөлінді (оның ішінде ауылдарға - 31 137,9 млн теңге және қалаларға - 11 759,2 млн теңге). Оның ішінде стартап-жобаларды қолдауға – 25 084,3 млн.теңге сомасына 6121, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша – 17 667,1 млн. теңге сомасына 4859; зәкірлік кооперация шеңберінде – 1 560,5 млн. теңге сомасына 161. Нәтижесінде 12 032 жұмыс орны құрылды.
«Дипломмен ауылға»
Қор мақсаты ауылға келген мамандарға тұрғын үй сатып алу және салу үшін бюджеттік кредиттер беру болып табылатын «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында Сенімгер (агенттің) қызметін атқарады. Қарыз сомасы 1500 АЕК-ке дейін, ұзақ мерзім (15 жыл) және 0,01% мөлшеріндегі төмен пайыздық мөлшерлеме бұл бағдарламаны жастар арасында танымал және сұранысқа ие етті. Өткен жылы Экономика министрлігінің бастамасы бойынша қаржылық көмек қарастырылған мамандар тізіміне ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері енгізілді. 2020 жылы осы бағыт бойынша 19 524,7 млн.теңге сомасына 4 931 қарыз берілді. 2015 жылдан бастап 2020 жылдың соңына дейін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 22 650 маманға 76 708 млн теңгеге бюджеттік несие берілді. Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша 33 543 адамға қызмет көрсетіледі.
АӨК-дегі сақтандыру
Сақтандыру - қор желісі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін маңызды қолдау шараларының бірі. 2020 жылдан бастап өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру ерікті болды, ал бұрын дәнді, майлы дақылдарды, қант қызылшасы мен мақтаны өндірушілердің барлығы өз егістіктерін белгіленген тарифтер мен шығындар нормативтері бойынша сақтандыруға міндетті болатын. Енді аграрий өз тәуекелін қаншалықты азайту керектігін өзі шешеді. Ресімдеу рәсімі онлайн, qoldau.kz сайтында жүргізіледі. Мемлекет өз бизнесін сақтандырған өсімдік өсірушілерді қолдайды: сақтандыру полисі құнының 50% субсидия түрінде төленеді. Сақтандыру жағдайын анықтауда адами фактор алынып тасталғаны да маңызды болып табылады. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін спутниктік деректерге сүйене отырып, ақпараттық жүйе белгілейді. Бұл сақтандыру төлемдері тетігінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Егер 2020 жылы құрғақшылықтан 56 қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сақтандырылса және төлемдер 535 млн теңгені құраса, биылғы жылы агросақтандыруға шығындарды субсидиялауға 3,3 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр.
Мал шаруашылығындағы сақтандыру
Сақтандыру желісі бойынша қор ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыруды (қарапайым және кеңейтілген қамту) ұсына отырып, малшыларды да қолдайды. Қорда атап өткендей, 2021 жылдың 1 қаңтарына «Jysan garant» сақтандыру компаниясымен ірі қара малды сақтандырудың 6 шарты жасалды, сақтандырылған малдың саны 2 117 ірі қара мал басын құрады. Шарт деректері бойынша мемлекеттік қолдау шеңберінде 8,3 млн теңге сомасына сақтандыру сыйлықақысын субсидиялау жүргізілді.
Етті мал шаруашылығы
Жоғарыда айтылғандай, егер сіз мал шаруашылығымен айналысуды шешсеңіз, қор сізге мал сатып алуды қаржыландыруға көмектеседі. Осылайша, қор 2 715 импортталған ІҚМ аналық басын сатып алу үшін 1,3 млрд теңге сомасына 29 жобаны, сондай-ақ 2 715 бас аналық ҰММ сатып алу үшін 83,3 млн теңге сомасына 9 жобаны қаржыландырды. 2018 жылдан бастап осы бағыт бойынша қаржыландырылған жобалар бойынша Ресей, Чехия, Словакия, Беларусь, Венгрия және басқа елдерден 35 279 ірі қара мал әкелінді. Сонымен қатар, ел ішінде 19,4 мың бас ІҚМ, 34,4 мың бас ҰММ, 424 түйе, 7,7 мың бас жылқы сатып алынды.
Кепілдендіру функциялары
Микрокредиттеуден басқа, ұйым «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша микроқаржы ұйымдары мен несиелік серіктестіктер беретін несиелер бойынша кепілдіктер береді, бұл жеткілікті кепілмен қамтамасыз етілмеген бағдарламаға қатысушыларға қарыздар алуға мүмкіндік береді. Кепілдік «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге – кредит беру сомасының 50% дейінгі мөлшерде, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге - несие беру сомасының 85% дейінгі мөлшерде беріледі. Аз қамтылған немесе көп балалы отбасылардан шыққан қарыз алушылар несиенің 95% дейінгі мөлшерде несиелік кепілдік ала алады.
Бұдан басқа, 2020 жылы Қор ауыл шаруашылығы жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктердің қарыздарына кепілдік беру мәселесін пысықтады. Оның мақсаты - несиелік тәуекелдерді ішінара жабу есебінен АӨК-те банктік несиелендірудің қолжетімділігін арттыру. Кепілдік алуға республикалық бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, облыс әкімдіктері мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде несиелер алатын кәсіпкерлер үміткер бола алады. Банктер инвестициялық мақсаттарға беретін несиелер, оның ішінде негізгі құралдарды сатып алу, ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын салу, сатып алу; айналым қаражатын толықтыру (оның ішінде жаңартылатын негізде) жатады, бұл ретте айналым қаражатының мөлшері жоба сомасының 50%-нан аспауы тиіс. Жобаны пайдалануға бергенге дейін басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері несие сомасының 85% құрайды, бірақ 2,55 млрд теңгеден аспайды. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін кепілдік мөлшері 50%-ға дейін төмендейді, бірақ 1,5 млрд теңгеден аспайды. Кепілдендіруге жататын несиенің/шағын несиенің ең жоғары сомасы 2021 жылға 8 000 АЕК, 23,3 млн теңгені құрайды. Кепілдік алушылар үшін кепілдік өтеусіз негізде беріледі.
Несие алу үшін қайда бару керек?
Өз ісіңіздің ашылуына немесе кеңеюіне байланысты несие алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына жүгінуіңіз керек, онда сізді тіркейді және кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдама береді. Келесі кезең - бизнес-жоспарды әзірлеу, онда сіз өзіңіздің жобаңыздың мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ кірістілік есептеулерін көрсетесіз. Оқу сертификатымен және бизнес-жоспармен сіз тағы да жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына жүгінесіз, ол несиелендіруге жолдама береді. Құжаттардың толық пакетін жинап, несиелеуге өтінімді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалына жолдайсыз. Қор құжаттар пакетін қарап, несие беру туралы шешім қабылдайды. Оң шешім шығарған кезде қаражат сіздің шотыңызға аударылады. Сіз, өз кезегінде, үш ай ішінде (барлық қажетті құжаттарды, фотосуреттерді ұсыну арқылы) несиені пайдаланудың нысаналы мақсатын растауыңыз керек.
2020 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры желісі бойынша несиелеу 63,1 млрд теңгені құрады. Жеңілдікті қарыздарды 12 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланды. Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шағын несие ретінде 64 млрд теңге беруді жоспарлап отыр. Қорда атап өткендей, бұл шағын кәсіпкерлік саласындағы 13 мыңнан астам жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Обсуждение