Мәзір
19 қазан 2019
4 мин
13299
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Соғыс уақытындағы ауыл шаруашылығы: Өзің жемесең де, солдатты тойдыр!

Соғыс уақытындағы ауыл шаруашылығы: Өзің жемесең де, солдатты тойдыр!

Екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыс уақытында Қазақстан майданға күнделікті азық-түлік толы эшелондарды жөнелтіп жатты. Астық мол шығып, рекордты көрсеткіш бидай жинағанның артында елде қалған әйелдер мен балалар тұрды. Күн демей, түн демей қара еңбектің ортасында олардың жеңісті жақындатуға  қосқан үлестері зор. Себебі ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. Ет, сүт, жұмыртқа, нан, жарма, көкөністер, жылқылар, вакциналар мен дәрі-дәрмектер, етік, бас киім, пальто – бұл біздің еліміздің майданға жібергендерінің толық тізімі емес. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. Колхоздар мен совхоздарда жұмыс күні көбейтіліп, өндіріс нормалары жоғарылап, ауылшаруашылық жұмыстарының мерзімі қысқартылды. Жеке қосалқы шаруашылықтардан ет, сүт, жұмыртқа және басқа да өнімдерді жеткізу артты, әскери казармаларға тәртіп енгізілді.

Жасы тоқсаннан асқан тылда еңбек еткен, соғыс уақытында бар жоғы он екілердің шамасында болған Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында тұратын Сәруан Қасымқызы сұрапыл соғыс жылдарын былайша еске алады.

«Соғыс басталған кезде мен 12 жаста едім, әкем майданға кетті, мен үйдің үлкені болған соң, ауру шешем мен соңымнан ерген төрт балаға бас көз болдым. Одан бөлек колғоздың жұмысына араластым. Көктем болса өгізбен жер жыртып, дән себеміз, күз болса орақпен масақ теріп жинап аламыз. Жұмыс күніміз таңғы төртте басталып, түннің бір уағында бітеді. Қара жұмыстан қолымыз тесіліп, қанайтын.  Қыста үйге қаппен  бидай әкелеміз. Ол уақытта свет деген жоқ, керосин шаммен тас диірменге тартып, дәнін үгеміз. Майданға жұмыртқа мен ұн жібереміз. Түні бойы жылы байпақ, қолғап тоқып салып жібереміз»,- деп әңгімелейді.

-Колхоз төрағалары әр гектар жердің дұрыс пайдалануын қатты қадағалайтын,- деп еске алады соғыс уақытында астық алқабында еңбек еткен Алматы облысының тұрғыны Григорий Нейцель. «Біздің колхозда сұлы, арпа, бидай, сәбіз, қызылша, картоп, қырыққабат өсірілді. Тіпті кішкентай балалар да егістік басында еңбек етті. Бұл күндері ауылдағы үйлер қаңырап бос тұрды. Табиғаттың өзі де бізге көмектескендей көрінетін. Құнарлы топырақтан егінде жақсы шықты. Колхоз жұмысынан басқа әрқайсысы өз отбасын асырау үшін өз бақшасын өсірді. Анаммен бірге біздің үйде алты жан болдық. Қыста өзіміз еккен көкеніс, жеміспен күнелттік»,- деп еске алады.

Жердің әр учаскесі санаулы болды

Соғыстың алғашқы жылында егін жинау сәтті өтті. Қамбаға құйылған бидай соғысқа аттанған алғашқы нанның жемісі еді.

Біріншіден, Қазақстан мен Сібір бүкіл елдің халқы мен майданды нанмен қамтамасыз етті.

Соғыс кезінде республиканың ауыл шаруашылығы елге 30 миллион пұттан астам нан, миллиондаған пұт картоп пен көкөніс, ет, сүт, жүн берді. Бұл соғыс алдындағы бес жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп еді!

1942 жылы Қазақстанда 450 мың гектарға жуық тың және тыңайған жерлер игерілді, егістік алқабы 17 пайызға артты. Күздік дақылдар, тары, қызылша дақылдары көбейді.

Соғыс басталғанға дейін екі жыл бұрын КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық филиалында 8 ғалымнан тұратын топырақ секторы құрылды – ол республикадағы жер зерттеудің негізгі орталығына айналды. Бір жылдан кейін Қазақ КСР-нің нашар зерттелген аудандарына арнайы экспедициялар ұйымдастырылды.

Төрт жыл соғыс жылдарында мамандар әр жерді тексерді. Сонымен бірге олар шөлді аймақтарда топырақты өңдеу әдістерімен жұмыс жасады.

Ауылшаруашылығының нағыз білімі мамандары Қазақстанға жиналды !

Соғыс уақытындағы егіннің мол жиналуы «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен жасалған жұмыстың арқасы емес, сондай ақ ғылыми жұмыстың жүргізілуінің арқасы деп түсіну керек. Себебі соғыс уақытында Қазақстанға Кеңестер Одағының түкпір-түкпірінен білімді ғалымдар жиналды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ұлы Отан соғысы жылдарында республикаға 20 ірі ғылыми орталық эвакуацияланған. Елде жалпы саны 75 ғылыми мекеме, зертханалар мен станциялар жұмыс істеді. Олардың алдында жаңа технологияларды енгізу міндеті тұрды. Оның үстіне, бірнеше жылдар бойы жүргізілетін тәжірибелерді енгізу үшін бірнеше ай ғана уақыт берілді.

Оңтүстік Қазақстан облысында бидайдың жаңа сорттарын өсірумен Красноводопад ауылшаруашылық тәжірибе станциясы айналысты. Оның негізін қалаушылардың бірі Андрей Голбек кейіннен оңтүстік облыстардың егістіктерінде өсірілетін көптеген сорттарды жасап шығарды.

Соғыс кезінде В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты және оның тәжірибелі ғылыми құрамы астық өндірушілеріне ауылшаруашылық дақылдарының технологиясы бойынша ұсыныстар беріп отырды. Сондай-ақ, елдің батыс бөлігінде де қуатты ауылшаруашылық станциясы құрылды. Тәжірибелік станцияда жас ғалым Александр Бараев директордың орынбасары қызметін атқарды. Кейіннен Қазақстаннан шыққан академиктің есімі бүкіл әлемге танылды. Соғыс басталған кезде станция тары мен жаздық бидайдың бес жаңа сорттарын және жергілікті шөптер мен тұқым дақылдарының басқа түрлерінен асып түсетін жоңышқа өсірді.

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы мал шаруашылығы

Соғыстың алғашқы жылдарында Қазақстанда оккупацияланған территориялардан 1,2 миллион бас ірі қара мал тәркіленді. 1943 жылдан бастап республика жаудан босатылған аудандарға малды қайтара бастады. Біртіндеп халық малдан өнім алып, өз күндерін көруге машықтанды.

Соғыс ардагерлері өздерінің естеліктерінде далада жайылған асханалар сарбаздарды бауырлас Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген малдың енінен жасаған тамақпен тамақтандырғанын айтып отыратын.

1941 жылы Қазақстан колхоздарындағы ірі қара мал саны мен қой ешкі саны өсті. Шалғай аудандарда малды далада ұстап бағу әдісіне көшу жүргізілді.

Асыл тұқымды мал басы көбейді

1940-1950 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының басшылығымен көптеген асыл тұқымды мал табындары құрылып, қой мен ірі қараның жаңа тұқымдары өсірілді.

Соғысқа дейінгі кезеңде Қазақстанға ірі қара, қой, асыл тұқымды айғырлар, Дон, Ақал-Теке және ірі ақ шошқалар және басқа тұқымдар әкелінді. Ғалымдарға үй жануарларының тұқымдарын құру бойынша селекциялық зерттеулер жүргізу тапсырылды.

1945 жылы алғашқы қой тұқымы – қазақтың биязы жүнді қойы сыналды. Ол ет пен жүннің жоғары өнімділігін беріп, Кеңестер одағында бұл бағыттағы алғашқы тұқым болып саналды. Оның авторлары КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Институт сонымен қатар жабайы арқарды қазақы қойдың рамбулие және прекос қойын ұрықтандыру арқылы бірегей асылдандыру жұмыстарын жүргізді. Күш-жігердің нәтижесінде әлемдегі – қазақтың архаромериносы қойы пайда болды.

Асыл тұқымдандыру 1930 жылдардың басында басталып 1950 жылы сәтті тестілеуден аяқталды. Оның авторылары КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болып, сол жылы қазақтың ақбас сиырлары сынақтан өткізілді. Мұның бәрі де соғыс уақытында жасалған жұмыс еді.

Инфекциямен күресудің нәтижесінде....

Малдың саны өскен сайын малға аса қауіпті ауруларына қарсы – бруцеллез, күйдіргі, паразиттер мен басқа да инфекцияларға қарсы жаңа вакциналар мен препараттар қажет болды. Бұл жұмыспен Ветеринариялық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары айналысты.

Қазақстандық ғалымдар Алматы биокомбинатында өнеркәсіптік деңгейде өндірілген 10-нан астам ветеринарлық биопрепараттарды ойлап тапты. Инситуттың жеке дезинфекциялық құралы атақты «Ки Май» шығарыла бастады. Ол күйдіргі, туберкулез, бруцеллез және басқа да инфекциялар үшін әрі соғыс уақытында жиілеп кеткен адам мен малдың өлімінен кейін өршіп кететін қауіпті инфекцияларға қарсы құрал болды.

Соғыс басталған кезде кейбір ғалымдар мен мамандар майданға аттанып, қайтып оралғаннан кейін олар зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатты.

Себебі соғыстан кейін тұралап қалған елдің экономикасын өркендетуге ауылшаруашылығы ғалымдарының үлесі де зор болды.

Обсуждение

0 моментарии