Мәзір
24 қаңтар 2020
4 мин
47162
Жариялаған: Димаш Дүйсен

1929-31 жылдардағы көтерілістер. Сталиндік ұжымдастыру салдары

1929-31 жылдардағы көтерілістер. Сталиндік ұжымдастыру салдары

1927 жылы партияның ХV съезінде елді ұжымдастыруға бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің «Правда» газетінде жарияланған «Ұлы бетбұрыс» деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің «Бай шаруашылықтарын тәркілеу» туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Патшалық Ресейдің саясатына деген наразылықтың алғашқы белгілері 1928 жылдары жүргізіле бастаған тәркілеу кезінде пайда болды деуге болады.

1928 жылы қазақтың ірі байларын кәмпескелеу науқанынан кейін қазақ барынан айырыла бастады, тұрмысы жүдеді, осы жағдайда халық амалсыздан, басқа жолы қалмағандықтан көтерілді. Негізінен бұлар ашаршылық үшін емес, жүргізіп отырған саясатқа, зорлық-зомбылықтарға қарсы атқа қонған, халықтың бұлқынған рухының қарсылығы болатын. Ал мұның аяғы ашаршылыққа әкелетінін халық түсіне бастады. Көтерілістерден кейін қазақ даласында жаппай ашаршылық басталды.

Алайда, жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.

Көптеген аудандарда сотсыз, тергеусіз ату жазасы жүзеге асырылды. ОГПУ қызметкерлері мен жергілікті кеңес және партия кызметкерлері тұтқындалғандарды калибрлі винтовкалармен, бытыралы мылтықтармен атып, аяусыз қорлады.

1929 жылы басталған халық наразылығы 1931 жылға дейін жалғасты. Үш жылдың ішінде 372 көтеріліс тіркелген. Бұл көтерілістерді жаншып басу кесірінен қанша ел бастаған тұлғалар қырылды. Жалпы айтқанда, осы жылдары халық өзінің рухани көсемдерінен айырылды. Оның үстіне Ахмет Байтұрсынов жасаған, бұрынғы қидан, шағатай жазуларының жалғасы болған төте жазудан айырып, латын қарпіне көшірді. Халық өзі күйзелістің үстінде жүргенде мұндай білім саласындағы реформалар да халықтың рухани жағдайына өз әсерін тигізді.

Қазақтың бас көтерер тұлғалары түрмеге жабылғандықтан, халықтың наразылығын жоғарғы жаққа жеткізу үдей түсті. 1928 жылдан бастап Алаш қайраткерлері, оқыған азаматтар тұтқындала басталды. Ашаршылықтың қарсаңында қазақты рухани басқаратын көсемдер тек ауыл-ауылда қалған болатын.

1929-1931 жылдарғы халықтың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішілердің нашар қарулануы мен жеткіліксіз ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-31 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған қазақтар өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы – Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.

Көтеріліс пен аштықтан шаршаған халық Монғолия, Қытай, Өзбекстан мен алыс-жақын шет елдерге үдере көше бастады.

Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді.

1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. олардың саны 50%-ке жетті. 1931 ж. 65% болды. Қазақстандағы ұжымдастыру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87%-і апатқа ұшырады. 1929-31 жылдардағы көтерілістер осындай салғырт жұмыстардың салдары.

Отандық тарихнамада 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері 1930 жылдардан 1980 жылдар аралығында тыйым салынған тақырып болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесінің түрлі аспектілерін қарастырғанда отандық тарихшылар осы қауіпті тақырыпты айналып өтуге тырысты. Бұл отандық тарихнамаға сол кезеңде қойылған партиялық қатаң талаптар мен идеологиялық қысымнан болды.

Обсуждение

0 моментарии