Мәзір
31 қаңтар 2020
5 мин
6308
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Даңқты К-700 тракторы

Даңқты К-700 тракторы

Ауылшаруашылығына қажетті техникаларды қайта жарақтандыру үшін Үкімет 1961 жылы кеңес инжинерлерінің алдына талап қойды. КСРО Үкіметінің тапсырысы бойынша мамандар бірінші кеңестік 5-класты доңғалақты трактордың дизайнын жасап шығарды. К-700 тракторы басқа техникаға қарағанда ауылшаруашылық өнімділігін 2,5-3 есе арттыратын, қозғалтқышының қуаты 220 аттың күші бар өндіріске қолайлы болды.

Кеңес Одағындағы көптеген басқа техникалар сияқты, қырғи қабақ соғыс кезінде «Кировец» тракторын артиллериялық трактор ретінде қолданды. «Кировец» деп аталатын жаңа машинаның өндірісі КСРО-дағы ең көне трактор өндіретін Ленинградтағы Киров зауытында ұйымдастырылды. Алғашқы трактор жинау цехынан шығып, 1962 жылдың 13 шілдесінде дала алқабына шықты. К-700 тракторының жаппай өндірісі 1969 жылы қарқын алды.

1975 жылы Киров зауыты 8 цилиндрлі ЯМЗ-238НД3 қозғалтқышы бар 235 аттың күші бар «Кировец К-700А» және 12 цилиндрлі ЯМЗ-240Б қозғалтқышы бар «Кировец К-701» тракторларын жаппай өндіруді бастады. K-700A және K-701 тракторлары біріктірілген үлгіде, олардың тек қозғалтқышында ғана ерекшелік болды. Бірақ екеуі де алғашқы К-700 тракторынан мүлдем өзгеше болды. Бұл техникалар тек ауылшаруашылығында ғана емес, өнеркәсіптің басқа да халық шаруашылықтарында қолдана бастады.

Кейін кері басқару посты бар «Кировец К-703» тракторы жасалды. Оның негізінде ағаш жинақтағышы, орман ағаш кесу машинасы, грейдер, доңғалақ тиегіш, DM-15 әмбебап жол машинасы және басқа да машиналар жасалды. «Кировец К-700А» және «К-701» тракторларының артқы жақтауына монтаждау үшін әртүрлі жабдықтар әзірленді. Кировец тракторы негізінде мелиорация және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін траншея жасалды. «Кировец» тракторы халық шаруашылығының басқа салаларында үлкен сұранысқа ие болып, Киров зауыты 1990 жылдан бастап Кировец тракторы негізінде түрлі техникалар шығара бастады.

Жол салу халық шаруашылығының басқа да салалардың қажеттіліктері үшін Киров зауыты «K-702MA-PK6» алдыңғы жүк тиегішін, «K-702MBA-BKU» әмбебап бульдозерін, «K-702MVA-UDM» әмбебап жол машинасын, қар тазалағыш, жылжымалы дәнекерлеу қондырғыларын шығара бастады.

2002 жылдың 1 ақпанында Санкт-Петербург трактор зауыты Кировец К-700А және К-701 тракторларын шығаруды тоқтатты. Оның орнына Кировец К-700А және К-701 тракторларына қарағанда едәуір қымбат тұратын K-744 тракторлары шығарыла бастады. Тракторлар ескірген және кабиналары қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмегендіктен зауыт басшылары Кировец К-700А және К-701 тракторларын алып тастады. Нәтижесінде  «Кировец» сияқты арзан тракторлардың жетіспеушілігі туындады. 

Сондай-ақ тракторлар, бульдозерлер, тиегіштер және оларға негізделген арнайы машиналар Ресейдің әр түрлі машина жасау кәсіпорындарында әлі де шығарылуда.

Қазіргі уақытта «Петербург трактор зауыты» жабық акционерлік қоғамы К-700 тракторын тек арнайы мақсаттағы қондырғылар негізінде шығарады. «Кировец» сауда маркасымен К-700 сериялы ауылшаруашылық тракторлары енді ресми түрде шығарылмайды, ал нарықта барлар, әдетте, ескі және өте күмәнді түрде қалпына келтіріледі.

Қазіргі жағдай бойынша «Петербург трактор зауыты» АҚ әр түрлі деңгейдегі ауылшаруашылық тракторларының тек екі моделін – К-744Р және К-703М шығаруды.

Обсуждение

0 моментарии