Мәзір
13 мамыр 2020
1 мин
3338
Жариялаған:

АҚШ Елшілігінің өкілі Қазақстандағы ауыл шаруашылық техникасын есептен шығару мәселесіне қатысты пікірін білдірді

АҚШ Елшілігінің өкілі Қазақстандағы ауыл шаруашылық техникасын есептен шығару мәселесіне қатысты пікірін білдірді

Фото: nur.kz

Ауыл шаруашылық техникасын есептен шығару Қазақстанның агроөндірістік кешеніне кері әсерін тигізеді. АҚШ елшілігінің баспасөз қызметкері Шон Бода арнайы World of NAN порталына сұхбат берді.

«Бұл мәселе Америкада шығарылатын сапалы техниканың Қазақстанның нарығына келуіне шектеу қоюы мүмкін. Бұл әрине Қазақстан үшін тиімсіз. Себебі американдық техника өндірушілер жергілікті өкілдермен бірігіп Қазақстанның аграрлық секторын дамыту бағытында біршама жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ескі техникамен қатар сапасы нашар техниканың үлесін азайту үшін септігін тигізуде», - дейді Шон Бода.

Қазақстан экономиканы дамыту бағытында ауыл шаруашылық секторын алдыңғы қатарға шығарып, басымдық танытып отырғаны өте орынды. Бұл қазіргі жағдайда дұрыс қадам екенін де атап өтті.

«Алайда, техниканы есептен шығару аграрлық сектордың  дамуын баяулатып, Қазақстанға озық ауыл шаруашылық технологиялардың келуін қиындатады. Қазақстан үкіметі техниканы есептен шығару мәселесін енгізбес бұрын осындай жағдайларды ескергені жөн» - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 8 мамырда Қазақстанның аграрлық саласының жетекші ұйымдары техниканы есептен шығару мәселесіне қарсы шыққан болатын. Себебі  мұндай бастама еліміздің экономикасы мен ауылшаруашылығына ауыр соққы болмақ. Сондай-ақ шаруалардың сапалы әрі заманауи техниканы таңдауына шектеу қоймақ.

Обсуждение

0 моментарии