Мәзір
08 қаңтар 2020
5 мин
4619
Жариялаған: Димаш Дүйсен

В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдары академиясы

В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдары академиясы

В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдары академиясы КСРО-дағы су, орман және ауылшаруашылығы саласындағы ең жоғары ғылыми-зерттеу және үйлестіру-әдістемелік мекемесі болып саналды. Оның жүйесіне 150-ден астам ғылыми мекемелер кірді. 1929 жылы 25 маусымда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің «В. И. Лениннің Бүкілодақтық ауылшаруашылық ғылымдары академиясын ұйымдастыру туралы» Қаулысы шықты. Бұл күн академияның қалыптасу күні болып саналады. Ерен еңбегі үшін 1949 жылы академия Ленин орденімен, ал 1979 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1992 жылы КСРО-ның ыдырауына байланысты академия жұмысы тоқтап қалды. Жоғары ауылшаруашылық академиясы соңғы сессиясын 1992 жылы 4 ақпанда өткізіп, жалпы алғанда академия 62 жыл, 7 ай және 10 күн өмір сүрді.

1969 жылы академияның екі аймақтық бөлімі ұйымдастырылды. Новосибирск қаласындағы ВАСХНИЛ-дің Сібір филиалы және оңтүстікте Киев филиалы жұмыс істеді. 1971 жылы 26 қазанда Алматыда 14 ғылыми-зерттеу институттарын, тәжірибелік станцияларды және тәжірибелік фермаларды біріктіретін ВАСХНИЛ-дің шығыс филиалы құрылды. 1972 жылы Ташкентте орналасқан В.И. Ленин атындағы Ортаазиялық зоналық филиалы құрылды, ал 1975 жылы тағы үш бөлімше жұмыс істеді: Закавказье (Тбилиси) және Батыс (Минск), сонымен қатар РСФСР-нің Чернозем аймағының филиалы. (Ленинград). Аймақтық бөлімдерден басқа, 1970-жылдардың басында академияда сегіз аймақтық және он филиал болды. Сонымен қатар, академияда 31 бүкілодақтық ғылыми-зерттеу мекемелері болды. Бұл құрылым 1987 жылға дейін жалғасты. 1987 жылдың 9 шілдесінде КСРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық Комитетінің академияның жаңа құрылымын айқындайтын «Елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қаулысы шығарылды. Бұл құрылымның негізі тоғыз аймақтық филиалдардан тұруы керек: Бүкілресейлік (Мәскеу), Сібір, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, РСФСР-дің Чернозем аймағындағы кеңселері (Пушкин), Закавказье, Орта Азия және Қиыр Шығыс (Хабаровск) бөлімшелері болды.

Сібір бөлімі

1969 жылы 14 қарашада КСРО Министрлер Кеңесі «Сібір мен Қиыр Шығыстағы ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ғылыми-зерттеу кешенін құру жөніндегі шаралар туралы» № 887 қаулысын қабылдады, онда: «Өндірістік күштерді дамытудағы ғылымның рөлін арттыру үшін ... Сібір мен Қиыр Шығыстағы ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ғылыми-зерттеу кешенін құру қажет»,- деп жазылды.

Кешенге «Сібір мен Қиыр Шығыс аймағындағы ауылшаруашылық ғылымының жетекші бағыттары бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулерді дамыту» міндеті жүктелді. 1970 жылдың қарашасында академияның Президиумы сайланды. Президиумды сегіз жыл басқарған академик Иракли Синягин оның бірінші төрағасы болды. Сол жылы құрылысшылар болашақ ВАСХНИЛ қалашығының алғашқы іргетасын қалады.

ВАСХНИЛ-дің Сібір филиалында бес ғылыми мекеме құрылды. 1979 жылдың қаңтарынан бастап РСФСР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынған Сібір мен Қиыр Шығыстың барлық дерлік ауылшаруашылық ғылыми институттары ВАСХНИЛ-дің Сібір бөлімшесі құрамына кіреді. 1990 жылдың сәуірінен бастап филиал Ресей ауылшаруашылық ғылымдары академиясының Сібір бөлімі ретінде танылды.

Оңтүстік бөлімшесі

Бөлімше Молдавия мен Украина КСР-де ауылшаруашылық ғылымдарын дамытудың аймақтық ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік орталығы болды. Ал 1990 жылы Украинаның аграрлық ғылымдар академиясы құрылды.

1980 жылдардың басында Академия құрамында 109 академик, 117 корреспондент мүшелері, 45 шет елдік ғалымдар жұмыс істеді. Олардың ауылшаруашылығына сіңірген еңбегі академия қызмет еткен 62 жыл ішінде баға жетпес құнды еңбек деп бағаланды.

Академия ауыл шаруашылығының барлық салаларында маңызды мәселелерді шешуде, КСРО-да коммунистік құрылыстың міндеттеріне сәйкес шешімі ауылшаруашылық өндірісінің өсуіне ықпал ететін ғылымдардың ірі орталығы болды.

Академияның негізгі міндеттері ауылшаруашылық ғылымының жетекші бағыттары бойынша теориялық зерттеулерді дамыту, ауылшаруашылығы саласындағы технологиялық прогресстің түбегейлі жаңа жолдарын анықтау, зерттеулердің теориялық деңгейі мен тиімділігін арттыру үшін зерттеу әдістерін жетілдіру, әлемдік ғылымның жетістіктерін зерделеу және жинақтау және озық тәжірибе ғылымының жетістіктерін ұжымдық және совхоздық өндірісте барынша қолдануды насихаттау. Осы міндеттерді орындау үшін Академия ауылшаруашылық және орман шаруашылығының маңызды теориялық және ғылыми-техникалық проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерді және ғылыми-әдістемелік басшылықты жоспарлау мен үйлестіруді жүзеге асырады және ауыл шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асырды. Аспирантура арқылы мамандар дайындап, ғалымдардың және басқа ауылшаруашылық мамандарының біліктілігін арттыруға көмектесті. Ауылшаруашылық жетістіктерін насихаттап, ғылым және ғылыми білімді таратты. Академия мен ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институттары елдің жер, су және орман ресурстарын барынша тиімді пайдалануға негізделген ауылшаруашылық жүйелерін дамытып, негіздеді.

Академия өндірістің мамандану деңгейін жоғарылатып, өндірістік технологияларды дамытты.

Академияның көрнекті басшыларының бірі болған академияк Иракли Синягин еді. Ол мақта өсіруге байланысты сұр топырақ аймағының азық-түлік режимі бойынша көптеген зерттеулер жүргізді. Қант қызылшасы үшін тыңайтқыштарды қолдануға және елдің жаңа аймақтарында қызылша өсіруді дамытуға көп көңіл бөлді. Ол агротехникалық жағдайлардың, тыңайтқыштардың тиімділігіне, топырақтағы қоректік заттардың конверсиясына, өсімдіктердің тамақтану аймағына әсерін зерттеді. 19 сөздікті жасауға қатысты. Екі томдық сегіз тілді ауылшаруашылығының ғылыми редакторы болды.

ВАСХНИЛ төрағасы ретінде тоғыз жыл жұмыс істегенде, ол Сібір мен Қиыр Шығыстағы Тюменьден Хабаровскіге дейін, оның ішінде Қиыр Солтүстікте ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік станциялардың кең құрылымын құрып, үлкен және жоғары жабдықталған пилоттық өндірісті ұйымдастырды.

Академияның дамуына ерекше үлес қосқандардың ішінде көрнекті ғалым Николай Вавиловты атап өтуге болады. Вавилов жер шарының көп бөлігін (Австралия мен Антарктикадан басқа) қамтыған ботаникалық және агрономиялық экспедициялардың ұйымдастырушысы және қатысушысы ретінде танымал. Ол кезінде мәдени өсімдіктердің қалыптасуының ежелгі ошақтарын ашты. Ол мәдени өсімдіктердің шығу тегі дүниежүзілік орталықтары туралы ілім жасады. Ол өсімдік иммунитеті туралы ілімнің негізін қалады. Организмдердің тұқым қуалайтын өзгергіштігінде гомологиялық қатарлардың заңдылығын ашты, биологиялық түрлер туралы ілімнің дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Кеңес Үкіметінің ауыл шаруашылығын, ғылымын дамытуға академия мен оның ғылыми құрамына қосқан үлесі зор. Оның жемісін ТМД елдері бүгінгі күнге дейін көріп келе жатыр деуге болады.

Обсуждение

0 моментарии