Мәзір
28 қаңтар 2021
2 мин
3110
Жариялаған:

Сарапшылар 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығында көптеген мамандықтар жойылатынын болжауда

Сарапшылар 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығында көптеген мамандықтар жойылатынын болжауда

Сарапшылар ауыл шаруашылығы саласында таяу жылдарда мүлдем жаңа кәсіптердің пайда болуы мүмкін дейді. Мәселен, еңбек нарығына робототехник-малшылар, жер және су ресурстарын басқару жөніндегі IT-инженерлер, цифрлық агрономдар шығуы ықтимал деп хабарлайды World of NAN.

ranking.kz сарапшылары қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар бойынша және жақын арада қазақстандық еңбек нарығында пайда болатын мамандықтар туралы болжамдарымен бөлісті.

Өткен жылғы деректерге келсек, сарапшылар 2020 жылы ең көп сұранысқа трактористер, ауыл шаруашылығын механикаландыру саласындағы инженерлер, күзетшілер ие болғанын айтады. Крандардың, көтергіштердің және басқа да техникалардың операторлары, сондай-ақ жүргізушілер де тапшы болған екен.

Мамандардың айтуынша, цифрлық технологиялардың жаппай енгізілуіне сәйкес процестерді автоматтандыру еңбек нарығына да айтарлықтай әсер еткен.

«Жаппай автоматтандыру нәтижесінде болашақта жаңа мамандықтар пайда болады, ал қол күшін талап ететін жұмыстармен қатар интеллектуалды еңбек түрі толығымен автоматтандырылады», – дейді еңбек нарығын зерттейтін сарапшылар.

Бүгінгі таңда олар ауыл шаруашылығы саласында 18 жаңа және 10 жоғалып кетуі мүмкін мамандықттарды анықтады.

Жаңа мамандықтар арасында сүт фермаларындағы робототехник-мал өсірушілер, жер және су ресурстарын басқару бойынша IT-инженерлер, агроном-экономистер, цифрлық агрономдар, ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар бойынша мамандар және т. б. аталған.

Мамандар 2025 жылға қарай еңбек нарығынан жоғалып кетуі мүмкін мамандықтар бойынша да болжам жасайды. Мысалға, өнеркәсіптік таңбалаумен айналысатын мамандарды лазермен таңбалайтын роботтар алмастырады деп болжанады. Тіпті роботтар адамдарды орау цехында да ауыстыруы мүмкін. Сарапшылар бұл ретте жұмыс берушілерді роботтардың еңбегін тәулік бойы пайдалану мүмкіндігі қызықтырады деп атап өтеді.

Болашақта кәсіпорындар сұрыптаушылардан да бас тартуы ықтимал, себебі өнімді сапасы немесе басқа белгілері бойынша сұрыптау үшін роботты жүйелер қолданылады. Роботтандырылған жүк тиегіштер қолданылуына байланысты өндіріс нысандары жүк тиеушілердің қызметінен де бас тартуы мүмкін. Роботтар өнімге мұқият қарап, тиеу/түсіру жұмыстарын да тыңғылықты атқарады деп саналады.

Порталдың ақпараты бойынша, 2020 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында 1,2 млн маман жұмыс істеген, бұл ҚР-да жұмыс істейтіндердің жалпы санының 13,9% - ын құрайды. Жалпы алғанда, өткен жылдың 10 айында электрондық еңбек биржасында ауыл шаруашылығы секторында 50 мың бос жұмыс орны тіркелсе, оның 40% - ы бойынша ғана біліктілік талап етілген екен.

Обсуждение

0 моментарии