Мәзір
07 қараша 2019
5 мин
37868
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Хрущев – қиратушы, құрастырушы бейнесінде

Хрущев – қиратушы, құрастырушы бейнесінде

Құрған да қиратқан да Хрущев. Хрущев өмірінің кейбір фактілері

1971 жылдың 11 қыркүйегінде Мәскеуде Кеңес Одағының ең даулы атағына ие болған көсемдерінің бірі Никита Хрущев қайтыс болды. Никита Хрущев Кеңес одағындағы жұмысшылар мен шаруалардың басын қосқан әлемдегі ірі мемлекеттің көшбасшысы бола білді. Оның есімі әйгілі «жылымық» ұғымымен тығыз байланысты. Ол өнердегі жаңашылдарға қарсылық ұйымдастырған, ғарышқа жол салған, ауылшаруашылығындағы реформаларды ең сәтсіз жүргізген әрі халықаралық аренада жаңа одақтастар тапқан адам ретінде тарихта қалды.

Кеңес Одағының тарихында Хрущев дәуірі елде түбегейлі өзгерістер орын алған кезең ретінде бағаланады. Әр кез оның ойы толығымен жүзеге аспаса да, кейбір сәттері сәтсіз аяқталып отырса да Брежневтің «тоқырау» кезеңінен кейінгі Кеңес халқы өз лидерін келемеждеп, күлкіге айналдырған Осы Хрущев бастаған кезең еді.

Мәскеу коммунистерінің екі мәрте басшысы

Никита Хрущев өзінің алғашқы жауапты партиялық қызметін 1934 жылдың қаңтарында, КОКП(б) Мәскеу қалалық комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалған кезінде алды.

Бірнеше күннен кейін ол Мәскеу облыстық партия ұйымының екінші хатшысы болды, ал бір жыл өтпей жатып – ол облыстық комитетті басқарды.

Үш жыл ішінде Хрущев Кеңес астанасы мен Мәскеу облысының партиялық өмірін басқарды. Ол тарихта осы екі әкімшілік лауазымды біріктірген үшінші тұлға болып қалады.

Қызметі қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, ол өзін мәскеулік партия ұйымының партия жетекшісі қызметін жақсы орындап,1938 жылы оны Украина Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ұсынды. Ал 1949 жылы Хрущев Мәскеу мен облыстың партия жетекшісі лауазымына қайта оралып, кейін партияның Орталық Комитетіне ауысады.

Екі соғысты бастан кешкен генерал-лейтенант Хрущев

Ленин мен Сталин тұсында қызмет етіп, өсу жолында болған барлық кеңес басшылары сияқты Никита Хрущев Азаматтық және Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Жас Хрущев Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатыса алмаса да, 1918 жылы партияға жаңа қосылған большевик, Қызыл гвардия отрядын басқарды, кейін батальонның комиссары болды және Грузияда Кеңес өкіметін құрған 9-шы Кубан армиясының саяси бөлімінің қызметкері ретінде соғысты аяқтады.

Ұлы Отан соғысы кезінде бұрыннан тәжірибелі партиялық қызметкер Никита Хрущев әскери білімі болмағандықтан, майдандағы Әскери кеңестердің мүшесі болған және генерал-лейтенант қызметінен кеткен.

1944 жылы ол Украинада республиканың жойылған экономикасын көтеру үшін республикалық Совнаркомның басшысы лауазымына қалады.

Бейбіт өмір сүріп жатқан халыққа әскер қажет пе еді?

Білім деңгейі төмен, негізінен партиялық жұмыспен айналысқан, тіпті әскери білім жоқ Никита Хрущев өзін әскери істер бойынша маман санайды. Ол 1950 жылдардың аяғында Кеңес Армиясын реформалауға кіріседі.

Бұл бір жағынан, КСРО-ның сыртқы саясатындағы өзгерістер: ел «капиталистік әлеммен бейбіт қатар өмір сүру» саясатын жарияласа, екінші жағынан, әскери шығындарды азайтудың және осылайша бейбіт экономиканы дамытудың шұғыл қажеттілігімен анықталды.

Бірақ реформа жүргізілген әдістер қатал болып, 1955-1958 жылдар аралығында кеңес әскерінің жеке құрамы 2,1 миллион адамға қысқарды, ал кейінгі екі жылда – тағы жарты миллионға азайды.

Әскер мен флотта жүргізілген бұл қысқару жүздеген мың жұмыстан шығарылған офицерлердің жедел әлеуметтік бейімделуін талап етті, ал зымыран қаруын дамыту ісі бүкіл авиация мен артиллериялық бөлімшелердің ең жаңа қаруларын жоюға әкеп соқтырды.

Кеңес көсемі шетелде

Хрущев жариялаған шет елдермен бейбіт өмір сүру саясаты іс жүзінде тез жүзеге асырыла бастады.

1955 жылдың 18 шілдесінде КСРО басшысы АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрмен Женевадағы саммитте кездеседі.1959 жылы 15 қыркүйектен 27 қыркүйек аралығында ол АҚШ-қа ресми сапарымен барып, тарихта Кеңес Одағының идеологиялық және саяси қарсыласы болған елге келіссөздерге барған алғашқы КСРО басшысы ретінде қалды. Бұл ерекше оқиғаны жариялауға бес мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары қатысып, жаңалық таратты. Хрущев 12 күн ішінде Американың жеті қаласын аралап, Америка президенті Эйзенхауэрмен және вице-президент Ричард Никсонмен, сондай-ақ американдық сенаторлармен кездеседі. Екі жылдан кейін, 1961 жылы 4 маусымда Хрущев Венада Американың жаңа президенті Джон Кеннедимен кездескен болатын. Бұл оның АҚШ басшысымен соңғы кездесуі болды.

Шеттетілген көшбасшы

Никита Хрущевтің Кеңес Одағы тарихындағы қайтыс болғаннан кейін немесе өз еркімен емес, саяси қарсыластардың сәтті интригасының нәтижесінде отставкаға кеткен жалғыз көшбасшы еді.

Пицундаға еңбек демалысына кеткен Хрущев, 1964 жылы 14 қазанда Мәскеуде өткен КОКП ОК Пленумына қатыспайды.

Мұндай кездесудің нәтижесінде нақты фактісі пост-сталиндік дәуірде бұрын-соңды болмаған оқиға күтілді. Жалпы отырысқа жиналған халық алдында тұрған міндет одан да зор болды: олар қазіргі кеңестік басшыны барлық негізгі қызметтерден алып тастамақшы еді.

Сол күні Хрущев Пленумның шешімімен КОКП ОК Бірінші хатшысы қызметінен (партияның жарғысы тұрғысынан толығымен заңды), ал келесі күні КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен үкіметтің төрағасы қызметінен босатылды.

Кеңес Одағының қызметінен кеткен екінші және соңғы жетекшісі 1991 жылы Михаил Горбачев болды, бірақ ол оны өз еркімен жасаған еді.

Паравоздар ғасырының соңы

Келесі алтыншы бесжылдықтың орнына 1959 жылы жарияланған жеті жылдық жоспар – Кеңес Одағында тек металлургия және химия өнеркәсібінің ғана емес, сонымен бірге тау-кен өндірісінің, ең алдымен көмірсутек шикізатының белсенді дамуына әкелді. КСРО тікелей емес, сонымен қатар жанама салдарлары бар ірі мұнай өндіруші елдердің біріне айналды. Никита Хрущевтің кезінде негізгі темір жолдарынан паровоздар жоғалып кетті. Оларды негізінен тепловоздар, ал елдің еуропалық бөлігіндегі жолдардың маңызды учаскелерінде – электровоздар алмастырды. КСРО-да паровоздардың өндірісі тоқтап қалды, алайда оларды кейбір алыс теміржол желілерінде 1980 жылдарға дейін де кездестіруге болатын еді.

Никита Хрущевтің есімімен тағы бір экономикалық жаңашылдық байланысты, ол –тұрғын үйлердің жаппай салынуы.

Бұрынғы КСРО-ның барлық аумағында көруге болатын бұл ғимараттар «Хрущевкалар» деп аталып кетті. Алайда олардың құрылысы партияның минимализм мен экономика бағытына сәйкес келді. 1956 жылдан бастап 1963 жылға дейін жеті жылдың ішінде блоктық құрылыстың басталуына және үй құрылысы комбинаттарының құрылысына байланысты кеңестік тұрғын үй қорын 640 миллион шаршы метрден 1,2 миллиардқа дейін көбейту керек болды. Және бұл жұмыс толығымен атқарылды. Кеңес халқының басым бөлігі көп қабатты жайлы тұрғын үйге қол жеткізді. Хрущев кезеңі осы үйлермен әлі де талай халық аузынан түспесі анық.

Бейбіт заманның батыры

Никита Хрущев «өзін-өзі марапаттау» тәжірибесін енгізген алғашқы кеңестік жетекші еді. Оған кеңес аппаратының ең жоғары лауазымында қызмет еткен жылдары КСРО-ның ең жоғары төрт наградасы берілді. Ол жарлықта айтылғандай, «Партия мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерекше қызметі үшін» 1964 жылы 16 сәуірде Кеңес Одағының батыры атанды.

Социалистік Еңбек Ерінің үш атағы Хрущевке 1954 жылы 16 сәуірде (партияға қызмет еткені үшін және 60 жылдығына байланысты), 1957 жылы 8 сәуірде (тың жерлерді игергені үшін) және 1961 жылы 17 маусымда (басшылықтағы ерекше қызметі үшін) берілді.

Никита Хрущев КСРО тарихындағы бірінші және жалғыз Кеңес Одағының Батыры және үш рет Социалистік Еңбек Ері атанған адам болды.

Обсуждение

0 моментарии