Он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы оқиғалар қазақ топырағына тыңнан түрен салды. Сайын далаға келген серпілістің себебі мен салдары ғасыр басындағы Алаш зиялыларының есімімен тығыз байланысты деуге толығымен болады. Соның бірі әрі бірегейі жер мәселесі.
Отаршылдық заман басталғалы қазақ халқының басында жер мәселесі маңызды мәселе болды. Отырықшылыққа үгіттеп, артық жерлерді өзіне алуға ұмтылған патша саясатына қарсы алаш зиялылары қарсы шығып, газет беттеріне көптеген мақала жазған, ашық түрде жерге, ел тағдырына араша түсті. Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты жариялаған мақалаларынан ұғынатынымыз, қазақтың үш мың жыл бойғы болмысын бір сәтте өзгерту әділетсіздік екендігі айтылады.
1925 жылы «Ақ жол» газетінде жазған «Отырықшылықтың пайда зияны» атты мақаласында Жүсіпбек Аймауытов жер мәселесіне қатысты былай деген: «Отырықшы болса-ақ қазақ тұрмысы түзеліп кетеді, тез мәдениетті болады» деген пікір даусыз ақиқат емес, өзгермелі, екі ұшты, даулы мәселе деп қараймыз.
Ресейде білім алған қазақ зиялылары қоғамды өркениетті эволюциялық, демократиялық жолмен дамытуды ойлады. Төңкеріс арқылы саяси билікке жету, социализм орнату идеясын ұстанған большевиктер партиясының саясатын қазақ зиялылары қолдамады. Сондықтан да олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру идеясын жүзеге асыру мақсатында 1917 жылы "Алаш" партиясын құруға белсене кipicтi.
Алаш зиялылары жазып кеткендей, халық – ұлт болып, халық болып иелік еткен уақытта ғана жерін сақтай алады. Алаш қайраткерлері қазақ жерін қазақтан кетпесіне іс қылуды ойлады.
Алаш зиялыларына ұлттық мүддені қорғау мақсатында ел мен жер тағдырына араша түсу оңай болған жоқ. Патша өкіметінің қазақ жерлерінің байлығын зерттеп, есепке алу мақсатында құрылған ұйымына ел үшін, білімімен өзін мойындатып экспедиция құрамына кіру, патша өкіметінің көздеген саясатының бағытын тереңірек білу, әлем жұртшылығының және келер ұрпақ алдында қазақ ұлтының ата мекен жер болмысымен тығыз байланыста қалыптасқан құндылықтарын тарих бетіне түсіру, оған өз тұрғысынан ғылыми негізде баға беру Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш тұлғаларының ұлт алдында атқарған қасиетті ісі деп білеміз. Көріп отырғанымыздай олардың жер мәселесі, ұлт мүддесі тұрғысында жазған дүниелері аз емес.
Әлихан Бөкейхановтың қазақ жерлері мен көшпелі мал шаруашылығы туралы жазған еңбектері «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы» және «Дала өлкесінің түкпірлеріндегі орыс қоныстары» деп аталады. Бұл шығармаларда сонау қазақтың көне тарихынан қалыптасқан жерді иелену мен пайдаланудағы тәжірибелер, шаруашылық өнімдері, мал шаруашылығынан өндірілетін азық түлік өнімдерінің құнары, қазақтың көшпелі мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі, асыл тұқымды төрт түліктің түрлері көрсетілген.
Жер мәселесіне келгенде Мыржақып Дулатовта қалыс қалмады. Ол өз еңбектерінде «Үш жүздің баласы бәрің де қазақсың. Алған бәйгең қазақтікі болады. Алдырсаңда қазақты алдырасың»,-деп ай астындағы, жер бетіндегі, жер астындағы бар байлық қазақтыкы деп, аталған қазынадан қағылсақ бүкіл үш жүз олжадан айрылдық деп есепте дейді. «Қазақ жерлері» деген өлеңінде, «Айрылсаң қалған жерден осы күнгі,топыраққа малды қазақ бағасың да»,-деп ащы мысқылмен ашына жырлайды.
ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов «Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі иа өлі болу мәселесі» - деуі әлі күнге өз маңызын жойған жоқ. Ұлт болып тарих сахнасында мәңгі қалуды көздеген ел ең алдымен өз жеріне ие болуы тиіс. Жерінен айрылған ұлттың келешегі күрмеулі, болашағы бұлыңғыр екені даусыз. Алаш зиялыларына ұлттық мүддені қорғау мақсатында ел мен жер тағдырына ара түсу оңай болған жоқ. Патша өкіметінің қазақ жерлерінің байлығын зерттеп, есепке алу мақсатында құрылған ұйымына ел үшін, білімімен өзін мойындатып экспедиция құрамына кіру, патша өкіметінің көздеген саясатының бағытын тереңірек білу, әлем жұртшылығының және келер ұрпақ алдында қазақ ұлтының ата мекен жер болмысымен тығыз байланыста қалыптасқан құндылықтарын тарих бетіне түсіру, оған өз тұрғысынан ғылыми негізде баға беру Әлихан Бөкейханов сынды алаш тұлғаларының ұлт алдында атқарған қасиетті ісі деп білеміз. Ел болып, ұлт болып қалыптасқан күннен бастап жер шетіне жау тисе жан аямаған бабалардың аманатына адалдық таныту әрбіріміздің келер ұрпақ алдындағы атқаруға тиіс парызымыз.
Сондықтан жер – ұлттың қазынасы, ұлт меншігіндегі дүние болып ұрпақтан ұрпаққа табысталып отырмақ. Бабадан аманат болған ұлан ғайыр жерді сақтау, ұрпаққа көздің қарашығындай қорғап жеткізу әр адамның парызы екенін естен шығармау парыз.
Обсуждение