Нарықтық экономика жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытатын бірден-бір сала ол ауыл шаруашылығы. Қазақстан стратегиялық даму бағдарламасы бойынша әлемдегі азық-түлік өнімін өндірушілер арасында жетекші елдердің бірі болу міндеті тұр. Бұл туралы мемлекеттің 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасында да кеңінен атап көрсетілген.
Былтыр Аргентинада өткен «Үлкен жиырмалық» елдері G20 ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуінде «бірнеше жылдық әлсіреуден кейін, 2016 жылы әлемдегі аштық күшейіп, қазіргі уақытта одан 815 млн. адам зардап шексе, 2 миллиард адам күнделікті тұтынуға қажетті өнімдердің тапшылығын сезініп отыр» деген қорытынды мәлімдеме жасалған болатын.
Қазіргі таңда жер шарының әрбір жетінші тұрғыны аштықтан зардап шегіп отыр. Бұл мәселе жүздеген миллион адамды тарықтырғанымен қоймай, адамдардың денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіруді.
Біріккен ұлттар ұйымының есептеуі қазіргі таңда әлем халқы 7 млрд-қа жетсе, 2040 жылы 9 млрд-қа дейін өседі деген болжам бар. 2030 жылға қарай қазіргі кезеңмен салыстырғанда азық-түлікке қажеттілік 50%-ға, ал энергияға сұраныс 45%-ға өседі. Осы ретте ғалымдар 3 млрд адам аштық пен кедейшілікке ұшырайды деп дабыл қағып отыр. Бүгінгідей беталыспен ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс 2030 жылы 1,3 есе өседі.
Қазақстан Үкіметі де 2021 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешендегі ахуал түбегейлі жақсаруды қолға алды. Яғни ет және ет өнімдерін сырттан әкелу – 15%-ға, сүт және сүт өнімдерінің импорты – 18%-ға, көкөніс пен бақша өнімдері – 52%-ға дейін төмендейді деп жоспарлап отыр. Ал ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жыл сайын 4%-ға артып отыруға тиіс. Ниет дұрыс, әрине тек миллиардтаған қаржыны қамтитын мемлекеттік бағдарламалар нақты жүзеге асса болғаны.
Әлемде болып жатқан жағдайлардан Қазақстанда шет қалмауы тиіс. Себебі Қазақстанның ақ алтыны саналатын бидайы бүгінде әлемде сұранысқа ие. Бұл ретте сұранысты жойып алмау үшін Үкімет те қарап қалмай, тиісінше көмек көрсетілу қажет деп санаймыз. Ауылдағы шаруа қожалықтары мен диқандар үшін субсидиялау үлкен көмектің бір түрі.
Субсидия дегеніміз не ?
Субсидия (лат. subsіdіum – көмек), демеу қаржы – мемлекеттік бюджет есебінен‚ ал беймемлекеттік фирмалар заңды тұлғаның‚ жеке тұлғаның таза табысынан өкімет органдарына‚ басқа мемлекеттерге беретін, көбінесе ақшалай нысандағы бір жолғы жәрдемақы.
Қазақстанда ауылшаруашылығын субсидиялауда мал өсірі мен дәнді-дақылдарға берілетін қолдаудың негізгі екі түрі бар.
Мысалы, сиыр етін өсіруде берілетін субсидия кішігірім фермерлерге мал өсіруге және ірі қара бордақылау алаңдарына өз пайдасына сатуға мүмкіндік береді. Бордақылау алаңдарын сақтау үшін мемлекет фермерлерге ірі қара малдың тірі салмағына 200 теңге көлемінде субсидия береді. Яғни, бордақылау алаңынан бір бас ірі қара малын сатуға арналған ақшадан басқа, фермер мемлекеттік бюджеттен қосымша түсім алып, оның мүмкіндігінше мал басын көбейтуге жұмсай алады.
Немесе ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға 25% судсидия. Егер шаруа қожалығы ауылшаруашылық техникаларының паркін жаңартып, дамытатын болса, елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі тарап ретінде бұл процесті ынталандырады, бұл сатып алынған техника бірлігінің құнынан 25% құрайды.
Биылғы жылдың қаңтарынан бастап фермерлерге тұқым алу үшін субсидиялау енгізілді. Тұқымның элита түрін тұқым өндірушілері шаруа қожалықтарына күзге дейін қарызға әрі бастапқы жарнасыз береді, ал олардың шығындарын 100% облыс әкімдіктері өтейді.
Күзгі егінді жинап алғаннан кейін элиталық тұқымдар немесе бірінші репродукциялы тұқымдар құнының 30%-ын өндіруші мамандандырылған ұйымға бойынша қайтарады.
Тұқымға субсидия беру процесі толығымен автоматтандырылған.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылға қажетті 394 мың тонна дизель отыны фермерлер арасында бөлінген. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін бұл көлем әкімдіктердің пікірінше жеткілікті болған.
Техника құнының 25% көлемінде техниканы сатып алуды инвестициялық субсидиялау басталды. Осы мақсатта машина-трактор паркін жедел жаңарту мен фермерлердің сатып алу қабілетін ынталандыру көзделеді.
Қазақстандық фермелер үйден шықпай ақ субсидия ала алады.
www.qoldau.kz порталында инвестициялық субсидиялар беру және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша жаңа қызметтер іске қосылды. Үш күн ішінде тіркеліп, интернеттен субсидиялар көлемі, субсидия алуға өтінімдердің тізілімін көре аласыз. Атап айтқанда, осы жерде субсидиялау туралы ақпарат, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау туралы ақпарат бар толығымен көрсетіліп тұрады.
Жалпы алдында азын аулық малы бар,егін егіп елдегі орта бизнестің денін құрап отырған шаруа қожалықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мен, мал басын өсіруге, жанар-жағармай, тұқым алуға берілетін субсидияның маңызы зор. Тек қазынаның қаржысы диқандарға тікелей жетіп, қолдаудың нақты түріне айналса екен деген кіріміз бар.
Обсуждение