Мәзір
25 қараша 2019
мин
35592
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Брежнев және тың игеру

Брежнев және тың игеру

Брежнев дәуірі

Леонид Брежнев билік басына 1964 жылғы қазан пленумының шешімімен келді. Биліктен Никита Хрущев алыстатылды. Бұл саяси шешім, бүгінгі тарихшылар пікірінше, билік үшін тартыста әдейі ұйымдастырылған төңкеріс деген ойда. Алайда, кейбір тарихшылардың пайымдауынша, әлемдік саясатта ұрда-жық әрекетімен, жеңілтектігімен, үстірт шешімдерімен келемеж күлкіге айналған, АҚШ секілді ұлы державаның басшыларын қорқыныш пен үрейде ұстаған Хрущевтың биліктен ысырылуы табиғи заңдылық ретінде де бағаланады.

Леонид Брежнев кеңестік империяға тоқырау кезеңі деп аталған дәуірде басшылық жасады. Бұл дәуір тарихқа «қырғи-қабақ» соғыс атауымен енген Кеңес Одағы мен АҚШ арасында жанталаса қаруланумен жарысқан дүрбелеңге толы уақыт болды. Брежнев билік құрған 1964-1982 жылдары Кеңес Одағының халқы мамыражай өмір сүрді. Шындығын айтумыз керек, бұл тұтастай алғанда, бүкіл социализм дәуіріндегі елдің мұңсыз тірлік жасаған кезеңі еді. Теңгермешілік жүйеге құрылған жоспарлы экономика кемшілігіне қарамастан, халықты әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етті. Ешкім «ертеңгі күнім қалай болар екен» деп алаңдамады. Бірақ, экономикадағы құлдырау нақ осы кезеңде басталды. Ақыры кез келген нәрсені жоспарлап бөлу шаруашылық салаларын тұралатып бітті.

Леонид Брежнев өмірде, тіпті, саясатта да өте қарапайым болды. Сол қарапайымдылығы оның ішкі сезімінің сыртқа шығуынан әрдайым көрініс беріп тұратын. Брежневтің ішкі сырын жасыра алмайтын қарапайымдылығы, оның адамдарға деген аяушылық сезімі оның қызметте ұзақ отыруының басты факторы еді. Кеңес Одағының идеологиясын ұзақ жыл басқарған хатшы Михаил Суслов мемлекеттің бүкіл саяси стратегиясының бағыт-бағдарын айқындап отырғаны тарихтан белгілі. Бірақ, Бас хатшы Сусловты тым қазымырлығы үшін іштей жақтыра бермейтін. Сонымен бірге бұл сезімін кейде сыртқа шығарып та отыратын.

Кремльдің жаңа басшысы кеңестік идеологияға қатысты саясатта түбірлі өзгерістердің болғанын қаламады. Ол өзіне дейінгі Сталинді қаралаған саясатқа үнсіз ғана тоқтам салды. Ішінара рынок қатынастарына көшуді ұсынған Министрлер Кеңесінің төрағасы Алексей Косыгинді қолдамады. Леонид Ильич асығыс қадамдарға бармады, экономика, елдегі әлеуметтік, халықаралық саясатқа қатысты маркстік-лениндік көзқарас тұрғысынан баға берілді.

Социалистік қоғамның ұраншыл жүйесінде спорт саласында көтеріңкі міндеттеме қабылдау үрдісі өз дәстүрінен жаңылған жоқ. Бас хатшының құрметіне 1972 жылы КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толуына орай «Олимпиададан – 50 медаль!» атты көтеріңкі міндеттеме қабылданды. Абырой болғанда бұл көтеріңкі міндеттеме асыра орындалды. Кеңес спортшылары Мюнхен олимпиадасынан 52 медальмен оралды.

Бас хатшының жеке өмірде, үлкен саясатта болсын әр нәрседен секем алып, тырнақ астынан кір іздеуі оның болмысына жат еді. Идеологияға басшылық жасап, барлығын сүзгіден өткізіп отыратын.

Әлемдік деңгейдегі социалистік ұлы державаның бірінші басшысына саяси оқиғалардың күрт өзгеруі салдарынан болатын түйінді мәселелерді шешу оңайға соқпады. Қиын-қыстау сәттердің өзінде Брежнев күрмеуі күрделі түйіндерді барынша байсалды шешуге тырысып бақты. Бірақ лениндік идеологияға бағынған саясаттың әдеттен тыс шараларға баруға мәжбүрлегені де шындық.

Брежнев АҚШ президенті Картэрмен жақсы қарым-қатынаста болды. Бұл екі ел арасындағы салқындықты жұмсартуға септігін тигізді. 70-ші жылдардың соңында Бас хатшының денсаулығы мықтап сыр бере бастады. Ол тіпті түнді ұйқысыз өткізетін болды.

Тың игеру және Брежнев.

Тың игеру жайында сөз қозғасақ Брежнев есімін айтпай кету мүмкін емес. Өз дәуірінде Леонид Брежнев  сегізден астам меммуар кітап жазып қалдырған. Олардың ішіндегі ең құндысы «Малая земля», «Возрождение» и «Целина» кітаптары болу керек. Себебі бұл оның өз естеліктері. Әсіресе өзінің «Целина» кітабында құнды естеліктер жазып қалдырды. Тың игерудің алғашқы шешімі қабылданған күнінен басталған естеліктер, оның өмірімен қатар әңгімеленіп, жазылған.

1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін Брежнев қызметінен босатылып, Әскери-теңіз министрлігі саяси бөлімінің бастығы болып тағайындалады. Осы айдан кейінгі әскери және әскери-теңіз министрліктерінің бірігуіне байланысты олардың саяси агенттіктері Қорғаныс министрлігін құруға біріктіріліп, Брежнев жұмыссыз қалады. 1953 жылы 3 мамырда Брежнев КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Г.М.Маленковқа оны Украинаның партиялық ұйымына жұмысқа жіберуді сұрап хат жіберді.

1953 жылы 20 мамырда КОКП Орталық Комитетінің Президиумы генерал-майор Брежневті КСРО Қорғаныс Министрлігінің Бас саяси басқармасы бастығының орынбасары етіп бекітеді. Ал КСРО Қорғаныс министрінің 1953 жылғы 21 мамырдағы № 01607 бұйрығымен Брежнев Кеңес Армиясына Қорғаныс Министрлігінің Бас Саяси дирекциясы бастығының орынбасары ретінде қайтарылды.

1954 жылы Н.С.Хрущевтің ұсынысы бойынша ол Қазақ КСР-не ауыстырылды. Онда ол екі қызметті қатар алып жүреді. Осы уақытта ол Алматыдағы құрметті азамат Головизиннің үйінде тұрады. Тың жерлердің игерілуіне жетекшілік етеді, ол үшін 1957 жылы 29 сәуірде Қазақ КСР-нің Жарлығымен «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанның оңтүстігінде КСРО Қорғаныс Министрлігінің «№5 ғылыми сынақ полигоны» (қазіргі Байқоңыр ғарыш айлағы) салуға қатысады.

Қызметте жүрген Брежнев егін орағы кезінде әр өңірге өзі жеке телефон шалып, мән жайды бақылап отырған. «Целина» кітабында былай деп жазады. «Кубань, Приднепровья, Молдавия, Повольжя мен Сібірге хабарласып есеп беріп тұрған адамдардың дауысынан ақ олардың көңіл күйін сезінемін. Мәселен маусымның орта кезіне дейін жаңбыр болмаса, егін шығымы аз болады, ал егер айдың аяғына дейін жауын түспесе тіпті жағдай қиындайды деген сөз. Мен Кремельдің терезесінен Мәскеуге қарап тұрсамда көз алдыма егін алқаптары, жұмысшылар, аграномдар елестейді. Мен өзімді олардың арасында жүргендей сезінемін» деп жазған. Ол қаншалықты жоғарғы қызметте жүрсе де, өзін әрқашан қарайым ұстаған. Бұл туралы әр кезеңде жазылған естеліктерде баяндалады.

Леонид Ильич Фурманов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан кішкентай үйде тұрды. Замандастарының естеліктерінде Брежнев тың жерлерге іс-сапарға шығуды жаны сүйетіндігі туралы көп жазылған. 1955 жылы тамызда Леонид Ильич Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетін басқарған уақытта Республикаға 6,4 миллион гектар тың жерлерді игеру міндеті қойылды. Тың игеруді дамытудың мұндай орасан зор жоспары үшін үлкен адами күштері де қажет болды. Мәскеудің нұсқауы бойынша Комсомол мүшелері мен Кеңес Одағының барлық аймақтарынан алғаш 360 мыңнан астам адам келді, ал бүкілодақтық капитал салымдары шамамен 6 миллиард рубльді құрады.

Көпшілік үшін Леонид Брежнев есімі тың жерлерді игерумен байланысты. Рас, Брежнев басқарған алғашқы жылы ауыл шаруашылығын дамыту тұрғысынан сәтті деп айтуға болмайды. 1954 жылғы көрсеткіштерде астық көлемінің тек 2/3 бөлігі жиналды. Алайда, бір жылдан кейін тың жерлер тың өнім берді – шамамен миллиард пұт жинады.

Брежневтің басқарған алғашқы жылдарындағы «алтын» бесжылдық жоспармен ерекшеленді: азаматтардың әл-ауқаты жақсарды, көптеген адамдар тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина сатып ала алды, ал ел бес күндік жұмыс аптасына ауысты.

Оның билігі орнағаннан кейін Леонид Ильич 1967 жылы әйгілі «дамыған социализм» реформасын қабылдады. Содан кейін оның денсаулығы сыр бере бастады. 1973 жылға қарай Брежнев бірнеше рет инфаркт алып, 1976 жылдың басында - клиникалық өлім жағдайына түседі. Осыдан кейін ол физикалық тұрғыдан сауығып кете алмады, оның ауыр жағдайы мен елді басқара алмайтындығы жыл өткен сайын айқын көріне бастады.

Л.Брежнев 1982 жылдың қараша айында қайтыс болды. Оның орнын саяси қарсыластарын алдын ала бас көтертпейтіндей етіп жаншып тастаған Юрий Андропов басты.

Обсуждение

0 моментарии