Мәзір
14 қаңтар 2021
2 мин
2555
Жариялаған:

Әлемдік бағалар, әсіресе сүт өнімдері мен өсімдік майларының бағасы күрт өсуде, деп хабарлайды ФАО

Әлемдік бағалар, әсіресе сүт өнімдері мен өсімдік майларының бағасы күрт өсуде, деп хабарлайды ФАО

Әлемдік азық-түлік бағалары әлі де өсуде. Әсіресе сүт және өсімдік майының бағасы тым көтерілген. 2020 жылдың соңында ФАО-ның азық-түлік бағаларының орташа жылдық индексі соңғы үш жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті, деп хабарлайды World of NAN ұйымның ресми сайтында жарияланған есепке сілтеме жасап.

2020 жылдың соңында ФАО-ның азық-түлік бағаларының индексі үш жылдық деңгейге жеткен болып шықты. Дүниежүзілік азық-түлік тауарларының бағалары жеті ай бойы үздіксіз өскен, әсіресе сүт өнімдері мен өсімдік майлары бойынша ең жоғары өсім байқалды, деп атап өткен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 7 қаңтарда жарияланған есебінде.

Желтоқсан айында ФАО-ның азық-түлік бағаларының индексі 107,5-і құрап, қарашадан бері 2,2% -ға өсті. Жалпы алғанда, 2020 жылдың аяғында халық ең көп тұтынатын азық-түлік тауарларының әлемдік бағаларының ай сайынғы ауытқуларын қадағалауға мүмкіндік беретін осы индекстің орташа мәні соңғы үш жылда 97,9 пунктті құрап, ең жоғары деңгейге жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға жоғары, бірақ 2011 жылы тіркелген ең жоғары деңгейден 25% -ға төмен. ФАО дәнді дақылдарының индексі қарашадан 1,1% -ға өскен, яғни 2020 жылғы орташа көрсеткіш 2019 жылға қарағанда 6,6% -ға жоғары.

«Желтоқсанда бидай, жүгері, құмай және күріштің экспорттық бағасы көтерілді. ФАО бұны ауа-райының қолайсыздығы мен Америка және Ресей Федерациясындағы дәнді-дақылдардың көлемі аз мөлшерде жиналуы мүмкін деген әлемдік алаңдаушылыққа байланысты деп санайды. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы күріштің экспорттық бағасы 8,6% -ға өсті, ал жүгері мен бидайдың бағасы сәйкесінше 7,6%-ға және 5,6% -ға өсті. ФАО өсімдік майының индексі желтоқсанда 4,7%-ға көтеріліп, 2012 жылдың қыркүйегінен бастап ең жоғары деңгейге жетті. Оған пальма майын шығаратын жетекші елдерден жеткізілімдерді одан әрі қысқартудан басқа, Индонезиядағы экспорттық баждардың күрт өсуі де әсер еткен. Соя майының әлемдік бағасының өсуі болса Аргентинадағы ұзақ уақытқа созылған ереуілдерге байланысты. Бұл өз кезегінде өндіріс пен порт логистикасына да айтарлықтай әсер етті. 2020 жылға арналған осы кіші индекстің орташа мәні алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,1%-ға жоғары », – делінген ФАО есебінде.

Жеті ай бойы көтерілуін тоқтатпаған ФАО-ның сүт бағасының индексі желтоқсан айында 3,2%-ға көтерілген. Сүт өнімдерінің барлық санаттарына бағаның өсуіне, ФАО сарапшыларының пікірінше, Океаниядағы сүт өндірісі үшін ауа-райының құрғақ және ыстық болуы, сондай-ақ Батыс Еуропадағы ішкі сұраныстың артуы ықпал етіпті. 2020 жылдың соңында сүт өнімдері индексінің орташа мәні 2019 жылғы деңгейден 1,0% төмен болды.

ФАО ет бағасының индексі желтоқсанда 1,7% -ға өскен, ал оның орташа жылдық деңгейі 2019 жылдан 4,5% -ға төмендеді.

«Жылдың соңғы айында құс етіне импорттық сұраныстың артуына, бірінші кезекте Таяу Шығыстағы жетекші өндіруші елдердегі ішкі сатылымның ұлғаюы, сондай-ақ Еуропадағы құс тұмауының салдары сияқты факторлар әсер етті. Африка шошқасы безгегіне байланысты Германиядан шығатын өнімдердің Азия нарығына экспортын уақытша тоқтату әсерінен шошқа етін өндіру көлемі төмендеді », – делінген хабарламада.

ФАО-ның қант бағалары индексі болса желтоқсанда өскенмен, кейін 0,6%-ға төмендеді. 2020 жылдың соңында бұл ішкі индекстің мәні 2019 жылғы деңгейден 1,1%-ға жоғары болды, бұл Қытайдан импорттың едәуір ұлғаюымен және Индонезиядағы тамақ және сусындар өнеркәсібінің тазартылған қантқа деген сұранысының артуымен түсіндіріледі. Баға өсуіне, сондай-ақ Бразилия мен Үндістандағы өндіріс көлемі артуы мүмкін деген болжам да әсер еткен.

Обсуждение

0 моментарии