Мәзір
19 қараша 2019
2 мин
6404
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Тың игергені үшін берілген марапаттар

Тың игергені үшін берілген марапаттар

«Тың жерлерді игергені үшін» медалі

Еңбек әрқашан марапатталуы керек деп есептейді психологтар. Кез – келген марапат адамды қанаттандыра түсері анық. Ертеңгі күнге сенімін арттыратын төккен тердің маңдай ақысын алғанға не жетсін.

1953 жылдан 1964 жылға дейін И.Сталиннің өлімінен кейінгі он жылды Никита Хрущевтің дәуірі деп атайды тарихшылар. Осы жылдар аралығында мерекелік даталарда марапаттау мен ерекше еңбегі үшін наградтау үлгісі қалыптасты. КСРО да бұл үрдіс жиілеп, жыл өткен сайын марапаттар саны көбейте түсті.

Компартияның Орталық Комитеті марапаттардың саны туралы шешім қабылдады. Әр аймаққа орден мен медаль саны белгіленді. Кеңес Одағының барлық республикалары арасында таратылып, әр республика, облыс, аудан мен колхоз, совхоздар өз кандидатураларын ұсынды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1956 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен «Тың жерлерді игергені үшін» жоғарғы марапаты бекітілді. Медаль туралы ереже мен оның сипаттамасы дәл осы жарлықпен бекітілді.

1953 жылдың қыркүйегінде КОКП ОК Пленумында еліміздің ауыл шаруашылығындағының жағдайы талқыланған болатын. Жиында ауылшаруашылық өндірісінің баяу даму себептері анықталды және ауыл шаруашылығын өркендетудің нақты шаралары белгіленді. Барлық ауылшаруашылық өндірісінің негізі ретінде астық өндірісін күрт арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы шаралардың бірі тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім еді.

1954 жылдың басында Коммунистік партияның шақыруымен, жүздеген мың жас жігіттер мен қыздар тың жерлерді игеруге аттанды. Адамдармен қатар лек-легімен ауыл шаруашылығының техникалары да келіп жатты.

Тыңға келген Кеңес адамдарының еңбегі бекер кеткен жоқ. Тың және тыңайған жерлерді игеру бойынша Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің мақсаты орындалды. Бұл сөзбен жеткізуге болмайтын орасан зор еңбек еді. Үкімет тың және тыңайған жерлерді игеруге белсенді қатысқандарды марапаттау үшін «Тың жерлерді игергені үшін» медалін тағайындады. «Тың жерлерді игергені үшін» медалі туралы ережеге сәйкес тың және тыңайған жерлерді игерудегі ерең еңбектері үшін колхоз-совхоздар, МТС, құрылыс және басқа ұйымдардың жұмысшыларына, партиялық, кеңестік, кәсіподақ және комсомол жұмысшыларына тыңда еңбек еткен Қазақстан, Сібір, Орал, Еділ және Солтүстік Кавказ адамдарына тағайындалды. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапаттау үшін тың және тыңайған жерлерді игеру саласында, әдетте, кемінде екі жыл жұмыс істеген жұмысшылар ұсынылады.

«Тың жерлерді игергені үшін» медалі колхоздарда, совхоздарда, МТС-те, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жасалған тізімдер негізінде берілді. Марапаттарға ұсынылатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың лауазымы немесе кәсібі, тың және тыңайған жерлерді игеру саласындағы жұмыстардың басталған күні және алфавиттік тәртіпте жазылып, қысқаша сипаттама берілетін тізімдерге колхоздардың төрағалары, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары, партия хатшылары мен кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қол қойды.

Халық депутаттары аудандық Кеңестерінің атқару комитеттеріндегі тізімдерді қарастырғаннан және олар бойынша шешімдер қабылдағаннан кейін олар автономиялық республикалардың Жоғарғы Кеңестерінің Президиумдары мен халық депутаттарының облыстық және аймақтық кеңестерінің атқару комитеттеріне бекітуге ұсынылды. «Тың жерлерді игергені үшін» медаліне ұсынылған адамдардың тізімін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан Автономиялық Республикалар Жоғарғы Кеңестерінің Президиумдары және Халық депутаттары облыстық және аймақтық кеңестерінің атқарушы комитеттері бекітті.

Шамамен 1,5 миллион адам КСРО бойынша «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды.

«Тың жерлерді игергені үшін» медалінің сипаттамасы

Монетаның сырт жағында орақ пен балғаның (төменгі бөлігінде), бесбұрышты жұлдыздың (жоғарыда), бидай сабағының (сол жақта) және жүгерінің (оң жақта) бейнелері орналасқан. Орақ пен балғаның бейнесінен күн сәулелері шашырайды. Артқы жағы дөңес. «Тың жерлерді игергені үшін» медаліне арналған лента жиектерінде бойлық сары жолақтары бар қара-жасыл түсті лента. Таспаның ені 24 мм.

Обсуждение

0 моментарии