Мәзір
23 желтоқсан 2019
5 мин
5144
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Торғай даласындағы жер мәселесі

Торғай даласындағы жер мәселесі

Қазақ интеллигенциясы үшін әр уақытта ең негізгі мәселе – жер мәселесі. Солай болды, әрі болып қала бермек. Патша үкіметі, оның мұрагері болған Уақытша үкімет, одан кейін Кеңес үкіметі мен қазақ демократиялық интеллигенциясы арасындағы кейде ашық, кейде астыртын жүріп отырған күрес, арбасулардың түп-тамыры, қайнар көзі осы жер мәселесі еді.

Торғай облысы ежелден экономикалық жағынан болсын, жер көлемі жағынан болсын ірі аймақтардың бірі болған. Халқы отырықшы жер игеру кәсібімен қатар мал өсіруді қатар меңгерген. Қазақ даласында 1868 жылғы әкімшілік-территориалық реформаның жүргізілгенінен кейін Торғай облысы болып қалыптасты. Оның құрамына төр аймақ кірді. Олар Ақтөбе, Торғай, Қостанай және Ырғыз. Осы реформа арқасында Орал, Ақмола, Семей, Жетісу, Түркістан және Сырдария облыстары құрылды. Торғай облысы территориалық құрамы жағынан Ресей мен Орта Азияны сауда жолын байланыстырып тұрған аймақта орналасты. Кейін ХХ ғасырдың басында облысты басып өтетін Орынбор-Ташкент теміржолы құрылды. Бұл жағдайлардың барлығы да 19 ғасырдың орта тұсынан бастап Торғай облысының экономикалық жағынан тұрақтануын қамтамасыз етті. 1868 жылы «Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқаратын Уақытша ереже» қабылданды. Осы кезеңнен қазақ жерлерін аграрлық отарлау процесі жылдам жүре бастады. Бұл кезең Ресейдегі шаруалардың өз жерлерінен көшуіне рұқсат берген уақытпен тұспа тұс келді. Ол өз кезегінде Торғай жеріне орыс мұжықтарының қоныс аударуына алып келді. Он тоғызыншы ғасырдың 80 –жылдары Торғай облысының аумағына орыс және украина губернияларынан көшіп келушілер көбейді.

1874 жылы Торғайдың әскери губернаторы Орынбор генерал-губернаторына Торғай даласына орыс переселендерін көшіруді ертерек бастау керектігін айтқан. Ол әсіресе ежелден қазақ жерлері боп келген әсіресе Ақтөбе, Ордабай, Торғай, Ырғыз даласына қоныстандыруды сұраған. Бұл реформаның астарында ғасырлар бойы аяқ баспаған қазақ даласын жаулап алу, ең шұрайлы жерлерге орыс халқын қоныстандыру жасырын саясаты жатты.

Әсіресе жерді меншіктеп алған халықтан тартып алу үрдісі қатаң жүргізіле бастады. 1904 жылы Қазанның әскери округінен Торғай облыстық басқармасына ормандарға жүргізілетін санақ үшін ағаштардың есебі туралы хат келіп түскен. Торғай даласында 529 мыңнан астам жер иеленушілері бар екендігі анықталған. Патша үкіметі осылайша Торғай даласында бос жатқан жерлердің көптігін біліп, қоныс аудару ісін жеделдетуді көздеді. Осыдан кейін қоныс аударушы өзге ұлт өкілдеріне ең шұрайлы деген жерлерді тарату ісі қызу жүргізілді. 1885 жылдан бастап Ресейден көшіп келген халық Торғай жерінде өз ауылдарын құра бастады. Ал ХХ ғасырдың басына қарай қоныс аударушылар саны арта түсті. Қоныс аударудың басында көшіп келушілер тұрғылықты халықтан жерді жалға алып, күзде алған өнімнен жалдау ақысын төлеп отырған. Осылайша қоныс аударушылар тұрғылықты халықпен біте қайнасып кетті. Бұл өз кезегінде жергілікті басшылыққа Ресейден көптеп қоныс аударып келушілерге жер тауып беру мәселесін тудырды.Қостанай болысының бастығы Торғай губернаторына 1904 жылдың 15 ақпанында «Көптеген қырғыздар өз жерлерін қоныс аударушыларға беріп жатыр» деп баяндама жасаған. Осылайша Торғай даласын біртіндеп орыс халқымен қоныстандыру үрдісі басталып кетті.

19 ғасырдың басында Патша Үкіметі Қазақстанның жер қорын зерттеу мақсатында атақты жер зерттеуші- есепші Ф.Щербиннің төрағалығымен арнайы экспедицияны жібереді. Қазақ даласын зерттеуге аттанған экспедиция Ақтөбе, Қостанай мен Торғай даласынан басталды. Зерттеу нәтижелері бойынша бос жатқан жерлерді Ресейден қоныстанушыларға үлестіріп беруді көздеді. Бұл процесс өз кезегінде қазақтардың жайылым жерлерінің қысқарып, малдың қырылуына алып келді. Халықтар арасында жиі шиеленістер тудырды.

Ф.Щербиннің жорықтарынан кейін Патша Үкіметі қазақ даласына деген қызығушылығын арттырды. Бос жатқан жерлердің басым бөлігі мал жайылымдары болғандықтан, егіншілікке бейімделмеген. Сондықтан Үкімет жайылым жерлерін егін егу үшін бейімдеу мәселесін қарастырды. 1900 жылы Торғай даласында орыстар 184 мың пұт бидай, ал қазақтар 371 мың пұт бидай сепкен. Көптеген қазақтар жергілікті табиғатқа бейімделген бидай түрлерін егумен айналысқан. 1901 жылы Патшаға жіберілген есепте «Көптеген қазақтар бидай егуді үйрене бастады» деп жазған.

Жайылым жерлерінің күрт азайып кетуінен мал қырыла бастады. Бұл шарауларға да қиын соқты. Біртіндеп аштық жайлай бастаған далаға жұт келді. Сібір күйдіргісінен мал қырылып жатты. Көптеген шаруалар малынан түгел айрылып қалып жатты.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы жер үшін күрестің басында жүрген қазақ үшін ұлы тұлғаның бірі Әлихан Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары қызметінде жүргенде де ол үшін жер мәселесі ең негізгі мәселе болып қала берді.

«Июнь жарлығы»

Қазақ даласына Патша үкіметінің жүргізген кез-келген реформасының басты себебі – жер мәселесі екендігін бізге тарих дәлелдеп берді.

1916 жылғы патшаның “июнь жарлығынан” кейін жер-жерде басталған толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды, ең ірі қозғалыстар Жетісу, Торғай – Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты. Көп қазақтар елін, жерін тастап Қытайға, Ауғанстанға қашты.

Тарихшылар Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ халқының басына түскен ірі зобалаң осы болды. Торғай өлкесіндегі көтеріліс туралы айтатын болсақ, патшаның “июнь жарлығы” елге жетісімен-ақ, ауыл-ауылдардың бәрінде халық дүрлігіп көтеріле бастады. Көтерілісті барша халық жақтады: көп жерде бай-болыстар да көтерісшілер жағында болды. Бұл әрине өлкенің экономикалық, әлеуметтік ахуалына әсер етпей қоймады.

Обсуждение

0 моментарии