Мәзір
13 қаңтар 2020
2 мин
7325
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Топырақты өңдеу әдістері. Тегістеу мен нығыздау.

Топырақты өңдеу әдістері. Тегістеу мен нығыздау.

Егістік алқаптарының топырағын жақсылап өңдеу егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталса, қар мен жауын суы, ауа тез сіңіп сапалы мол өнім алудың бірден-бір кепілі болады. Топырақты өңдеудің бірнеше түрі бар. Алайда біз бүгінгі мақаламызда топырақты тегістеу мен нығыздау әдісіне тоқталамыз.

Топырақты тегістеу дегеніміз не? Тегістеу топырақтың беткі қабаты әр түрлі жағдайларға (жер бедері, топырақ өңдеу сапасы және басқалар) байланысты ойлы-қырлы болуы мүмкін болған кезде пайдаланатын әдіс. Ауылшаруашылық дақылдарының себілген тұқымдары топыраққа әр түрлі тереңдікке сіңіп, шұбалаңқы көктеп, егіннің бір мезгілде пісіп-жетілмеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол себепті топырақты тегістейді. Біркелкі емес топырақ бетінің мөлшерін азайтуды тегістеу деп атайды. Топырақты тегістеу жерді жыртқаннан және терең культивациялағаннан кейін, егін себер алдында және сеуіп болғаннан соң жүргізіледі. Топырақты тегістеу суармалы егіншілікте, әсіресе күріш егісіне қажетті шара. Егер, егістік алқабы тегіс болмаса, берілген су біркелкі жайылмайды, ойпаң жерге жиналып тұрып қалуы мүмкін. Ал қыратты жерлерден ылдыйға қарай су ағып эрозия құбылсын тудыруы мүмкін. Топырақ бетін тегістеу өсімдіктерді вегетация кезінде күтіп-баптауды жеңілдетеді және егін ору жұмыстарының сапасын жақсартады.

Топырақты тегістеу үшін культиваторлар, тырмалар, жеңіл катоктар, малалар, ал суармалы жерлерде арнайы грейдерлер, бульдозерлер қолданылады.

Топырақты тегістеу – көптеген дақылдарды қарқынды өсіру үшін қажетті техника. Тәжірибе көрсеткендей, бұл өнімділіктің нақты өсуіне мүмкіндік береді, өйткені фермерлер біздің аймақтардағы жиналыстарда жиі айтады. Тегістеу технологиялық процесі өсімдіктердің дамуына немесе топырақтағы ылғалдың сақталуына қолайлы жағдай жасау мақсатында топырақтың физикалық және механикалық қасиеттерін өзгертуге бағытталған операцияларды қамтиды.

Тегістеудің негізгі мақсаты:

-топырақ қыртысының жойылуы;

-топырақтың тығыздалуы (тұқымдарға арналған тығыз төсек жасау, ылғалдың булануына жол бермейтін тығыз топырақ қабаты;

- егістік жерлердегі кесектерді ұсақтау;

- жасыл тыңайтқыштарды илеу;

- топырақтың бетін тегістеу.

Негізгі өңдеуден және өңделуден кейін топырақты жайып салу ірі кесектерді жоюға, өріс бетін тегістеуге, ылғал сақтайтын топырақ құрылымын жасауға қолданылады. Осылайша әсіресе конвекция-диффузды ылғал қозғалысы басым болған кезде, құрғақ ауа-райында ылғалдың булануын азайтады.

Өңдеуде пайдаланатын бумалаушы ролик өңдеудің барлық дерлік құрамының бөлігі болып табылады.

Егістің алдын-ала тегістелуі тұқым орналастыру тереңдігінде тығыздалған орын жасау және өрістің бетін тегістеу үшін қолданылады. Бұл тұқымдарды таяз және біркелкі егу үшін қажет және себілгеннен кейін топырақтың түсуіне жол бермейді.

Тегістеуден кейінгі егудің негізгі мақсаты тұқымның өнуіне қолайлы жағдай жасау. Мәдени өсімдіктердің көшеттерінің толықтығы мен біркелкі өсуі егістен кейінгі тегістеуге байланысты.

Ауылшаруашылық әдістің бір түрі ретінде қолданылатын тегістеу тиімділігі көп жағдайда топырақтың ылғалдылығымен, типімен және механикалық құрамымен анықталады.

Шамадан тыс ылғалмен ауыр сазды топырақтарда тегістеу жұмыстарын жүргізу теріс әсер етуі мүмкін. Өйткені ол жер қыртысының пайда болуына ықпал етеді.

Ауылшаруашылығы саласында топырақты тегістеумен қатар топырақты нығыздау әдісі де қолданылады.

Топырақты нығыздау дегеніміз не ?

Күзде топырақ жыртқанда, көктемде егін себер алдында, жазда өңдегенде ол үгітіліп, тым борпылдақ болуы мүмкін, сондықтан оны нығыздауға тура келеді. Топырақ түйіршіктерінің көлемін азайту үшін оның бөлшектерінің өзара орналасуын өзгертуді нығыздау дейді. Ол қопсытуға қарама-қарсы процес. Бұл технологиялық процес топырақты қопсыту кезінде бұзылған топырақты қалпына қайта келтіреді. Соның нәтижесінде топырақтың жалпы көлемі азаяды. Нығыздау топырақтың төменгі жағынан үстіңгі қабатына ылғалдың көтерілуін, себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының топырақпен және оның ылғалымен жақсы жанасуын қамтамасыз етеді. Соның арқасында тұқымның жақсы бөрітіп, жылдам және біркелкі көктеп шығуына мүмкіндік туғызады. Топырақты нығыздау егін себер алдында, немесе сеуіп болғаннан кейін жүргізіледі.

Егін себер алдындағы топырақты нығыздау топырақтың бетін тегістеп, себілген тұқымдардың бірдей тереңдікке сіңірілуін қамтамасыз етіп, борпылдақ топырақтар шөккеннен кейін өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін жүргізіледі.

Топырақты нығыздауды гранулометриялық құрамы жеңіл, егін себер алдында ғана өңделген жерлерде және қуаңшыл аймақтарда жүргізеді. Ал, гранулометриялық құрамы ауыр және тым ылғалды топырақтарды нығыздауға болмайды, өйткені өсімдіктің өніп-өсуіне кері әсері тиеді. Топырақты нығыздау әртүрлі катоктармен, малалармен жүргізіледі.

Обсуждение

0 моментарии