Мәзір
04 қазан 2019
3 мин
2783
Жариялаған: Димаш Дүйсен

Суармалы жер шаруаның ырысын арттырады

Суармалы жер шаруаның ырысын арттырады

Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында  610 мың гектар алқаптағы тұрақты суармалы жерлердің суландыру жүйесі сондай-ақ 368 мың гектар алқаптағы суармалы жерлерді қалпына келтіру мәселесі жеке қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы суармалы жерлердің үштен бір бөлігін су қоймаларының арқасында көбейтуді жоспарлап отыр. Себебі суармалы жерлер  8-10 есеге дейін өнімді көп береді.

Қазақстан суармалы жерді 2 миллион гектарға жеткізбекші

ҚР Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кездесуінде осындай мәлімдеме жасады. "Қазірдің өзінде 1,4 млн гектар суармалы жер бар, бұл жалпы ауылшаруашылық өнімінің 42% құрайды, 2021 жылға қарай суармалы жердің аумағын тағы 600 мың гектарға ұлғайтып, жалпы 2 млн га-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз" -деді. 

Суармалы жерлер негізінен Қазақстанның оңтүстігінде, атап айтатын болсақ,  Түркістан облысында -38 % , Алматы облысында- 29%, Қызылорда облысында - 14%  және  Жамбыл облысында - 8%. Қазір министрлік республиканың солтүстігінде суармалы жерлерді пайдалану қажеттілігін шешуде. Бұл бірінші кезекте, өсімдік шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік аймақтарды дамыту үшін қажет. Сондай-ақ ет-сүт өндіретін фермалар ерекше қарқынмен дамып келеді. Олар бірінші кезекте әрине, жемге деген сұранысты арттырады. Сондықтан, елдің оңтүстігінде ғана емес, солтүстігінде де суармалы жерлердің көлемін ұлғайту заңды құбылыс. 

Су қоймалары жеке меншікке өтіп кеткен 

2013 жылға дейін Қазақстанның оңтүстігінде суармалы суға төлемдер өте төмен болды. Текше метрі үшін 1 теңгеден аспайтын, жиналған қаражат негізінен су шаруашылығының ғимартаттарын ұстауға жұмсалатын. Ал оларды күрделі жөндеуге және қайта салуға кететін шығындар есепке алынбады. Еліміздің солтүстігінде суару бірнеше есе қымбатқа түсті. Мәселен, бағасы текше метрі үшін 16 теңгеден айналды. Сондықтан шаруалар негізінен  жаңбыр суына сенім артып отыр.

Бүгінгі таңда суару жүйелері үшін қондырғының жоқтығы қиындық туғызып отыр. Ал олардың көпшілігі коммуналдық меншікке тиесілі. Түсетін қаражаттан қарағанда шығыны екі есе көп болғандықтан ескі қондырғыларды жаңалау мен жөндеуге  мүмкіндік жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше,  республиканың оңтүстік аймақтарында суару және дренаждық жүйелердің  50%-ы  әбден тозған. Ал солтүстік өңір мен елдің батысында, атап айтқанда Павлодар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында бұл көрсеткіш 100% жеткен.

Министрлік не істемек?

Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында бірнеше міндеттер тұр. Біріншіден дренаждық және суару жүйелерін қайта құру үшін жеке инвестицияларды тарту қажет, бұл әрине төлемдердің өсуіне әкеледі. Екіншіден Ауыл шаруашылығы министрлігі суармалы жерлердің көлемін көбейту арқылы, ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, бұрынғы су резервауарларын қалпына келтіруді қолға алды. Республикамызда 41 су қоймасы күрделі жөндеуден өтуді қажет етеді. 

Бұл жұмыстар Қызылорда облысында 48,5 мың га, Түркістан облысында 5 мың га, Жамбыл облысында 6,8 мың га суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Суды тұтынудың тиімділігін арттыру үшін суды үнемдейтін технологиялар енгізілуде. Бұл тарифтер өскенмен  судың тұтынуына кері әсер етпейтіндей бағаны ұстап тұрады. Алдымен бұл инвестор үшін тиімді болмақ.  Ал су қоаймаларын жаңартуға, замануи етіп жасауға инвестор келсе суарлмалы егістіктің де жағдайы жақсарады деген сөз.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық фермерлерді үнемділікке шақырады. Себебі онсыз  тиісті тарифтерді ұстап тұру қиынға соғады. Су нарықтық бағаға көшкеннен кейін суару жүйелерінің энергия тиімділігі бәсекеге қабілетті болады. 

Обсуждение

0 моментарии